Сүйінбай Аронұлы нақыл сөздері
Сүйінбай Аронұлы — Жетісу өңірінің әйгілі ақыны, айтыскер жырау. Қатағанмен айтысы қазақ айтыс өнерінің үздік үлгілерінің бірі саналады. Жамбыл Жабаев оны өзінің ұстазы деп білген.
- Ақымақ жігіт белгісі — аз күнгі баққа алқынар.
- Біз — қайық, бұл дүние — түпсіз терең.
-
Ер жігіт — ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың панасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрі де оны баласындай. - Кетпеңдер өне бойы дүние қуып...
-
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған. - Жаманның көкірегі — көр, көзі — соқыр...
-
Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,
Болады бар да — арманда, жоқ та — арманда.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы