Мағжан Жұмабаев нақыл сөздері
Мағжан Жұмабаев — қазақ ақыны, жазушы, педагог әрі Алаш зиялыларының бірі. Қазақ поэзиясын жаңа бейнелер мен өлшемдерге байытты, «Батыр Баян» поэмасын, «Педагогика» еңбегін жазды. 1938 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
-
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр... -
Қисық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым! -
Ер түрік ен далаға көрік еді,
Отырса, көшсе, қонса — ерік еді.
Тұрғанда бақыт құсы бастарында,
Іргесі жел, күн тимей, берік еді. -
Оралдай атамекен жерлеріне,
Қасиетті атаның көрлеріне,
Аузы түкті шет елдер ие болып,
Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне. -
Қазағым, таянды ғой қылта мойын,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық. -
Анамыз бізді өсірген, қайран Орал,
Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал!
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал. -
Шер батса, кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?!
Арқаның ардагері — қалың Алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің! -
Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер, Алашым!
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын. - Ел үшін өл — ер болсаң!
-
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла.
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла. -
Көбейсін елде қайратты ер,
Жұрт үшін болсын қара тер.
Сорлы жұртты бастасын,
Жасаған, соған көмек бер! - Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу дәрежесіне әлі жеткен жоқ. Үміт келешекте.
- Алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.
- Ұлттың тілі кеми бастауы — ұлттың құри бастағанын көрсетеді.
- Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
-
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. -
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы