Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Міржақып Дулатұлы нақыл сөздері

Ағартушылар мен Алаш зиялылары · 1885–1935 · 23 сөз

Міржақып Дулатұлы — қазақ ақыны, жазушы, публицист әрі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. 1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» жинағымен халықты оқуға, бірлікке шақырды, «Бақытсыз Жамал» романын жазды. Қуғын-сүргін құрбаны болып, 1935 жылы лагерьде қайтыс болды.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

  1. Қазақта жазылмайтын бір ауру бар —
    Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
  2. Кемшіліксіз халық жоқ.
  3. Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
  4. Мақсатым — халық түзетпек.
  5. Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
    Осылай шежіреден көрінеді.
  6. Күн көреміз қайда барып, Алашым,
    Білгіштерің хал мүшкілін қарасын.
    Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң,
    Әркім жейді біздің қазақ баласын.
  7. Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
    Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
  8. Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.
  9. Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.
  10. Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
  11. Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр?
  12. Халық пайдасын ақылмен істер болар.
  13. Қызығып қызарғанға кеткендер көп,
    Шен алып дәрежеге жеткендей боп.
    Ойлайды өз пайдасын, халқын сатып,
    Қазақты ең керексіз еткендей ғып.
  14. Тұманға кірді біздің қазақ,
    Арты — жар, алды — тұйық, бұл не ғажап?
  15. Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.
  16. Қазағым, көрмегенің әлі алдыңда,
    Боларсың көне берсең мұнан жаман.
  17. Көздің жасын құрғатар жігіт қайда,
    Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.
    Жүріп, жастар, араға жақындастыр,
    Біздің халық өнерден жатыр жырақ.
  18. Елең етер намысқа қызып жігіт аз,
    Бұл не ғажап — жұрт керең боп қалған ба?
    Мен не болсам — болайын саған садақа,
    Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба.
  19. Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ!
  20. Халық тағдыры — қарта ойыны емес.
  21. Ұлт әскері — ұлт қорғаны.
  22. Сот түзелмей — халық түзелмейді.
  23. Адассам — халқыммен бірге адастым, сәулелі жарық жолға ұмтылсам — ұлтыммен қосылып ұмтылып бағамын.

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары