Ілияс Жансүгіров нақыл сөздері
Ілияс Жансүгіров — қазақ ақыны, жазушысы, драматургі, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі. «Құлагер», «Күйші», «Күй» поэмалары мен «Жолдастар» романының авторы. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
-
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр! -
Өлкем өсіп ел кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді. -
Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз,
Ел ер жетіп есен-сау. -
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды. -
Тасқында, тау суындай көңіл жыры,
Қазақтың сусындасын ойы-қыры. -
Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды. -
Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас! -
Ел үшін еңбек қыл,
Көркейер біздің ел... -
Асылын арманынан аршып алдым
Қашаннан қазынаға халқымыз бай. -
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін. -
Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы