Мұхтар Әуезов нақыл сөздері
Мұхтар Әуезов — қазақ жазушысы, драматург, ғалым, әдебиеттанушы, абайтанудың негізін салушы. «Абай жолы» роман-эпопеясы мен «Еңлік — Кебек», «Қаракөз» пьесаларының авторы. Қазақ әдебиеті мен ғылымының дамуына зор үлес қосты.
- Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
- Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратына мін дағы, өрге бас.
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
- Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен, өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
- Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, рухы, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?
- Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.
- Адам көркі — ақыл.
-
Жауға жалынба,
Досқа тарылма. -
Дос таппаған ер азар,
Басшы бақпаған ел азар. - Іздесең — табарсың, алыссаң — аларсың.
- Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп, Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы.
- Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндердің бірі деп саналады.
- Абай атамыз: «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп бекер айтпаған шығар, өмірдегі қай-қай ситуацияны болсын, сөз білген қазақ мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой...
- Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы