Майқы би нақыл сөздері
Майқы би — қазақ аңыздары мен шежірелерінде аты аталатын ежелгі би, шешен. Халық жадында Шыңғыс хан заманындағы әділ билердің бірі ретінде сақталған. Оның атымен байланысты нақыл сөздер мен шешендік толғаулар ауыздан ауызға тарап жеткен.
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Хан — халықтың қазығы.
- Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
-
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді. -
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас. -
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең. -
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді. -
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы