Махамбет Өтемісұлы нақыл сөздері
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың батыр ақыны, күйші. Исатай Тайманұлымен бірге 1836–1838 жылдары Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған. Жалынды өлеңдері ерлік пен ел азаттығы рухын паш етеді.
-
Ай, азамат, тату бол!
Әлі-ақ көзің жойылар.
Мынау жалған дүниеңіз
Батып кеткен күнмен тең. -
Еңбек етіп ел үшін,
Соңымда бір қалған халқыма,
Артымда бір атақ, даңқ қалды-ау. -
Қапыда кеткен дүние-ай,
Ақырында еш болды-ау,
Ел үшін еткен еңбегім. -
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік. -
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім. -
Еділ үшін егестік...
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық. -
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер. - Ел үшін қылыш сермедік.
-
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы. - Туған ұлдан не пайда — қолына найза алмаса, ата жолын қумаса.
- Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін алсайшы!
- Алаштың байлығынан не пайда — қайыры оның болмаса.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы