Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жүсіп Баласағұн нақыл сөздері

Көне түркі дәуірі · шамамен 1017–1077 · 19 сөз

Жүсіп Баласағұн — XI ғасырда өмір сүрген түркі ақыны, ойшылы, Баласағұн қаласында туған. Қарахан мемлекеті тұсында «Құтты білік» («Құтадғу біліг») дастанын жазып, Қашқарда ханға тарту етті. Дастанда әділ билік, білім, әдеп пен адамгершілік мәселелері жырланады.

  1. Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
    Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
  2. Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе — жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме.
  3. Қылыш қан төксе — иесі ел билейді.
  4. Бек қызыққа құмар болса — қалған елдің күні қараң.
  5. Сараң бек ел билей алмайды.
  6. Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.
  7. Тіл — елшінің қылышы.
  8. Ақылсыз адам — мәуесіз ағаш секілді.
  9. Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда.
  10. Бала нені білсе жастан, ұядан,
    Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
  11. Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
    Өнерімен қуантады түбінде.
  12. Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.
  13. Қылыш — ел шауып, қазына құрайды,
    Қалам — қазына тауып, қайыр сұрайды.
  14. Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.
  15. Халықтың хақы әкімде.
  16. Халық бүлінсе, саясат оны түзейді.
  17. Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады.
  18. Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді.
  19. Қылыш елді күзейді,
    Қалам елді түзейді.

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары