Ақтамберді Сарыұлы нақыл сөздері
Ақтамберді Сарыұлы — XVIII ғасырдағы қазақ жырауы, батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстарға қатысып, толғауларында ерлік, ел қорғау, бірлік пен татулықты жырлаған.
-
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке,
Араз болсаң алты ауыз
Еліңе кірген әреке. -
Ел аман болсын, ылайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын, құдайым. -
Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең,
Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең. -
Орнын тапса ер жігіт — елсіз болар дейсің бе?
Орда тігіп орнатса — төрсіз болар дейсің бе? -
Жауыңды аяма,
Жылағанды уат,
Жығылғанды тұрғыз. -
Еділ — Жайық екі өзен,
Талсыз болар деймісің?
Жағалай жатқан қалың ел,
Малсыз болар деймісің?
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы