Ғабит Мүсірепов нақыл сөздері
Ғабит Мүсірепов — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. «Қазақ солдаты», «Ұлпан» романдары мен «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты» пьесаларының авторы.
- Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін.
- Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
- Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
-
Елің үшін мақтан,
Елің үшін қайғыр. - Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
- Ел айдаса, кәрі жігердің өзі қайнайды.
- Жаңа заман тас іргесін қалап алып, енді қабат-қабат биіктеп барады.
- Үш жүз деп аталатын қазақ халқында мынадай жігі айырылмайтын тұтастықтары бар: тілі, әні, күйі, аспаптары.
- Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
- Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
- Ана тілі дегеніміз — баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.
- Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.
- Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды.
- Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады...
- Қазақтың өсек-аяңынан асқан тамұқ жоқ. Қазақтың білетіні аз емес — істей білетіні аз.
- Еліңе опасыздық — туған анаңа опасыздық.
- Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара басы сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.
- Қазақтың жершілдік, жіктеулері — ең бір үлкен апаты.
- Қазақ елі — әлі дала табиғатымен өзін-өзі тұтас сезінетін ел.
- Туған елімді, туған жерімді жамандай алмаймын, бірақ жаным ашығандықтан ашынған сөз ауызға түседі.
- Қазақтың бір оқыс мінезі: эмоция үстінде келіп қалған байламға тоқтайды.
- Еліміздің ұйытқысы — әдет-ғұрпымыз.
- Баяғыны көксей берген елде бүгінгі өмірге үйлесе алмаушылық болады. Баяғының құрметтісін құрметтей білмеген елде болашақ жоқ...
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы