Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ ақыны, ойшыл-философ, тарихшы әрі ағартушы, Абай Құнанбайұлының інісі және шәкірті. Ар-ұждан, адалдық, ғылым мен еңбек туралы терең ойлы өлеңдер мен «Үш анық» атты философиялық еңбек жазды, қазақ шежіресін зерттеді. 1931 жылы қуғын-сүргін кезінде қаза тапты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы: басқа нақыл сөздері
- Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп, Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай.
- Менің елден басқа қайғым жоқ.
- Бұл елдің күн көргені — өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт.
- Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп, Береді бұл надандық кімге пайда?
- Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық Білім, әдет, ақылды ойға аларлық. Надандықтан еліріп босқа жүрсек, Мына заман көрсетер бізге тарлық...
- Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат.
- Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер, Малды аяма, жаның үшін малыңды сат! Жан да аяулы, ар да аяулы болса егер, Жанды аяма, арың үшін жанды сат!
- Еңбекке шыда, ебін тап та. «Сабырдың түбі — сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі — өз халқың.
- Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең.
- Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан!
- Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық.
- «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген, Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы