Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бейімбет Майлин нақыл сөздері

Ағартушылар мен Алаш зиялылары · 1894–1938 · 8 сөз

Бейімбет Майлин — қазақ жазушысы, ақыны, драматургі, қазақ әңгімесі мен прозасының көрнекті өкілдерінің бірі. «Шұғаның белгісі», «Азамат Азаматыч» сияқты шығармалардың авторы. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

  1. Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
    Тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!
  2. Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің!
    Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің.
  3. Оқу — білім бұлағы,
    Оқыса елдің ұланы, —
    Тірілтіп, елге жан бітіп,
    Елі үшін жұмақ қылады.
  4. Бәрін айтпа, бірін айт,
    Коллективтің жырын айт.
  5. Ай, штат, не қылмадың қазағыма,
    Салдың ғой момындарды азабыңа.
    Байларға мыңды айдаған күлгірленіп,
    Алдаумен іліктірдің тұзағыңа.
  6. Қазақ боп іс қыл,
    Бірлікпен күш қыл.
  7. Сен үшін туып,
    Белімді буып,
    Кірістім қызмет қылмаққа.
  8. Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы,
    Саф азамат бағылан болып жолдасы.
    Жарық сәуле өндіретін қазаққа,
    Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары