Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малыңды сат!
Жан да аяулы, ар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, арың үшін жанды сат!
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ ақыны, ойшыл-философ, тарихшы әрі ағартушы, Абай Құнанбайұлының інісі және шәкірті. Ар-ұждан, адалдық, ғылым мен еңбек туралы терең ойлы өлеңдер мен «Үш анық» атты философиялық еңбек жазды, қазақ шежіресін зерттеді. 1931 жылы қуғын-сүргін кезінде қаза тапты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы: басқа нақыл сөздері
- Менің елден басқа қайғым жоқ.
- Бұл елдің күн көргені — өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт.
- Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп, Береді бұл надандық кімге пайда?
- Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық Білім, әдет, ақылды ойға аларлық. Надандықтан еліріп босқа жүрсек, Мына заман көрсетер бізге тарлық...
- Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат.
- Еріншектен салақтық, Салақтықтан надандық Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық.
- Еңбекке шыда, ебін тап та. «Сабырдың түбі — сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі — өз халқың.
- Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең.
- Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан!
- Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық.
- «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген, Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан.
- Ақылды сол — ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол — арамдықпен жан сақтайды. Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда, Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы