Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әбіш Кекілбаев нақыл сөздері

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары · 1939–2015 · 23 сөз

Әбіш Кекілбаев — қазақ жазушысы, драматург, аудармашы және мемлекет қайраткері, Маңғыстау өңірінде туған. «Үркер», «Елең-алаң» роман-дилогиясы мен «Аңыздың ақыры» романы арқылы қазақ тарихи прозасының көрнекті өкілі ретінде танылды. Тәуелсіздік жылдары Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты қызметтерін атқарды.

  1. Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты.
  2. Тәуекелсіз қауым — тәуелсіз бола алмайды, алауыз қауым — азат бола алмайды.
  3. Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген.
  4. Ел тілегі — бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі.
  5. Ел болып алмай тұрып, ешкімнің де жұлдызы жанбайды.
  6. Әділдік бар жерде ғана елдік бар.
  7. Елдік жоқ жерде жаманның иығы шығыңқы, жақсының еңсесі түсіңкі жүреді.
  8. Ел жүгендемей жатып, дау түгендейміз.
  9. Өз басыңнан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын.
  10. Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы — өз халқының тағдырынан тыс қалу.
  11. Тәуелсіздік — тәтті ғана сөз емес, ұлттық жауапкершілік.
  12. Ұлтты тану — ұлттық дамудың негізгі шарты.
  13. Елің теңелмей тұрып — өзің теңелмейсің.
  14. Ұлт мүддесі мен ел игілігі — «екі тепкі, бір қамшы» белсенділікті көтермейді.
  15. Ұлдарын өлімге қимайтын елдің өзі де өлмейді.
  16. Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу — тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік.
  17. Атасыздық — отансыздық, отансыздық — опасыздық, опасыздық — имансыздық.
  18. Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақтамас, төресіне тәж тұрақтамас. Ту тұрмас тұлдыр үйге, тәж тұрақтатпас тұлдыр басқа байлық пен ырыс қалай қонатын еді?
  19. Халқы азат бола алмай тұрып, ешкім азат бола алмайды. Азат емес адам өзін ешкіммен тең сезіне алмайды.
  20. Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсінің азаттығы керек.
  21. Егемендіктің ең үлкен жаулары — жікшілдік те, алауыздық та тек әділетсіздіктен өрбиді.
  22. Халықтың өзін-өзі билеу құқы сақталмай тұрып, жеке адамның құқы да сақталмайды. Өйткені ұлты азат емес адамның өзі азат болуы еш ақылға сыймайтын шаруа.
  23. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, бәріміз де мәре-сәре болып жатқанда ұрыншақ емес, ұғымсақ, тиіскек емес, үйірсек болғанымыз келіңкірейтін тәрізді.

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары