Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Күлтегін нақыл сөздері

Көне түркі дәуірі · 684–731 · 15 сөз

Күлтегін — Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қолбасшысы, Елтеріс қағанның ұлы және Білге қағанның інісі. Ол қағанаттың іргесін бекіткен көптеген жорықтарды басқарды. Оның құрметіне 732 жылы орнатылған ескерткіштегі руникалық жазба көне түркі тарихы мен әдебиетінің құнды мұрасы саналады.

  1. Қаған ел құрар.
  2. Ері жоқ елдің күні қараң.
  3. Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
  4. Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
  5. Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер — ғаріп.
  6. Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.
  7. Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.
  8. Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.
  9. Бас иесіз — ел тозар.
  10. Зердесіз қаған ел билесе — сол жаман, әлсіз қаған ел билесе — сол жаман.
  11. Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
  12. Халқын асырау — қағанға парыз.
  13. Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.
  14. Елін сүйген ер бақытты.
  15. Елді халық едім, қайда енді сол елім?!
    Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары