Майлықожа Сұлтанқожаұлы нақыл сөздері
Майлықожа Сұлтанқожаұлы — XIX ғасырдағы Сыр бойы ақындық мектебінің көрнекті өкілі, айтыскер ақын. Өлеңдерінде адамгершілік, еңбек, жақсы мен жаман туралы ғибратты ойлар айтылады.
- Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.
-
Ақын — елдің тұлпары,
Кетпейтін басы кермеден. - Көпті көрген ер жігіт — көсем болар төселіп.
- Ерінбегеннің еңбегі жанар.
-
Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй таңдап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтаңдап. - Жігіттің бағы қайтады — ағайын жұртын алдаса.
- Аңдысқан мынау дүниеде — біреуге-біреу табашы.
-
Өңкей жақсы қосылса —
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса —
Шығарады егесті...
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы