Шал ақын Құлекеұлы нақыл сөздері
Шал ақын — XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ақыны, жырау. Абылай хан заманының куәсі болған. Өлең-толғауларында адамгершілік, ел бірлігі, жігіттің абыройы мен жауапкершілігі туралы өсиет айтылады.
- Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, ажал келсе — ауру түгіл сауды өлтірер, қаныпезер бұзақы жігіт болса — тыныш жатқан еліне дау келтірер.
-
Қона берсе, жерің тозар,
Шаба берсе, елің азар,
Жасай берсе, ерің азар,
Ерің азған кезінде — елің азар. -
Бақытты жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар,
Әлемнен озған алааяқ
Озып бір кетсе ойқастар. -
Аққу құс — көлдің көркі,
Ер жігіт — елдің көркі. -
Бір жігіт бар — құр жан,
Бір жігіт бар — тірі жан,
Бір жігіт бар — жігіт жан. -
Ағайының көп болсын,
Бірлігі оның бек болсын!
Жамандық жер кез болса, —
Бір-біріне сеп болсын! -
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімің болса-дағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы