Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұзафар Әлімбаев нақыл сөздері

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары · 1923–2017 · 16 сөз

Мұзафар Әлімбаев — қазақ ақыны, аудармашы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Нақыл сөздер мен ғибратты өлеңдерімен, балаларға арналған шығармаларымен кеңінен танымал.

  1. Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.
  2. Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.
  3. Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
  4. Жер күтпеген ерден түңіл,
    Ер күтпеген елден түңіл.
  5. Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.
  6. Елге пайдасы жоқ елгезектік.
  7. Ерден елдің артықтығы — білігі,
    Елден елдің артықтығы — бірлігі.
  8. Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады.
  9. Елдің қамын ойлаған ерте есейер.
  10. Ұлтын білгің келсе — ғұрпын біл.
  11. Отанын ойлаған орта жолда қалмас.
  12. Туын жықпайтын — бүтін ел,
    Туы жығылған түтілер.
  13. Еркіндік туы — елдік.
  14. Үлкен елдің баласына
    Ұсақ болу жараспас.
  15. Елден жинауды үйренсең,
    Елге сыйлауды да үйрен.
  16. Қандастықтан жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары