Әкесі ұрысса балаға, ол да — достық, баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
Абай Құнанбайұлы туралы
Абай Құнанбайұлы — ұлы қазақ ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өлеңдері мен «Қара сөздері» арқылы білім мен еңбекке, ар-ұят пен адамгершілікке шақырған. Шығыс және орыс әдебиетін терең білген, аудармалар жасап, ән шығарған.
Абай Құнанбайұлы: басқа нақыл сөздері
- Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!
- Майдағы жұрттың іші — қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөне ме?
- Тұрлаусыздың қолынан не келеді! Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?
- Уайым — ер қорғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.
- Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп, екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
- Атасының баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың.
- Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос.
- Көп айтса, көнді, Жұрт айтса, болды — Әдеті надан адамның.
- Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!
- Адасып, алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.
- Ел — артық сұраса да азға разы болады. Ел — аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
- Биік мансап — биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы