Татулықтан артық жолдас жоқ.
Абай Құнанбайұлы туралы
Абай Құнанбайұлы — ұлы қазақ ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өлеңдері мен «Қара сөздері» арқылы білім мен еңбекке, ар-ұят пен адамгершілікке шақырған. Шығыс және орыс әдебиетін терең білген, аудармалар жасап, ән шығарған.
Абай Құнанбайұлы: басқа нақыл сөздері
- Ақылсыз би болмас, Сәулесіз үй болмас. Жүректе оты жоқ Адамда ми болмас.
- Өсекші — ел тыныш болса азады.
- Күн жоқта жұлдыз бен ай кісімсиді.
- Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын...
- Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым, Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын.
- Кекшіл болма — көпшіл бол.
- Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оған ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме.
- Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
- Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы