Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі содан шығады.
Абай Құнанбайұлы туралы
Абай Құнанбайұлы — ұлы қазақ ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өлеңдері мен «Қара сөздері» арқылы білім мен еңбекке, ар-ұят пен адамгершілікке шақырған. Шығыс және орыс әдебиетін терең білген, аудармалар жасап, ән шығарған.
Абай Құнанбайұлы: басқа нақыл сөздері
- Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос.
- Көп айтса, көнді, Жұрт айтса, болды — Әдеті надан адамның.
- Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!
- Адасып, алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.
- Ел — артық сұраса да азға разы болады. Ел — аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
- Биік мансап — биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
- Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі — зор билік, екіншісі — есепсіз байлық.
- Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.
- Қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?!
- Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісін жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?!
- Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.
- Бірлік малға сатылса — антұрғандықтың басы осы.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Біздің халқымыздың шығыстық үлгілерден гөрі, үнді-герман эпосына жақындау бай ауыз әдебиеті бар.
- Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды.
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
- Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
- Кемшіліксіз халық жоқ.
- Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады.
- Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы