Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Абай Құнанбайұлы туралы
Абай Құнанбайұлы — ұлы қазақ ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өлеңдері мен «Қара сөздері» арқылы білім мен еңбекке, ар-ұят пен адамгершілікке шақырған. Шығыс және орыс әдебиетін терең білген, аудармалар жасап, ән шығарған.
Абай Құнанбайұлы: басқа нақыл сөздері
- Күн жоқта жұлдыз бен ай кісімсиді.
- Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын...
- Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым, Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын.
- Кекшіл болма — көпшіл бол.
- Татулықтан артық жолдас жоқ.
- Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оған ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме.
- Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы