Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 11-бет, барлығы 23 бет.

  1. Екі атым бар: бірі ақ, бірі қара, / Атқа мінсем, шығамын сахараға. / Жаңылып қара атты міне қалсам, / Түсемін тамашаға дарияға.
  2. Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді, / Күніне мың шақырым жерге барып келеді.
  3. Бір нәрсе кейде сопы, кейде залым, / Сиқырлар бір сағатта жанның бәрін. / Бір уақыт патша болып отырады, / Тар жерде әркімнің де ойлар қамын.
  4. Сары ат міндім, саз кештім, / Сарқыты маған тимеді. / Қара мақпал тон піштім, / Қиқымы маған тимеді.
  5. Бір жүйрік ат әркімде бар кетер шауып, / Үстінен ер-тоқымы қалмайды ауып. / Десем де қайда барам лезде барам, / Жартастан жығылмайды, қылып қауіп.
  6. Көтеріліп қампияр қиыстырсаң, / Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң. / Мұның да шешімі бар келісімді, / Ойланып ақылына сыйыстырсаң.
  7. Бір минутта дүнияны аралайды, / Сонда да шаршамайды.
  8. Даладай кең, / Теңіздей терең.
  9. Алты аяқты, төрт көзді, / Екі ауызды, бір сөзді, / Ынтымақ үшін ел кезді.
  10. Арқасы екеу, / Аяғы алтау.
  11. Бір адам көрдім, / Жүрмей тұрған жабысып. / Түсін танып тұрсаң да, / Жауап айтпас танысып.
  12. Көрінеді бір бәйтерек басы сыңар, / Сүйкімді адамзатқа ол бір шынар. / Дағ түбінен басынан жеткенінше, / Жүз бұтақ, мың екі жүз ұясы бар. / Төрт басқыштың бұтағы қырық тоғыз, / Мәуесі иіліп, жерге балы тамар. / Бес басып, шыққасын алтыншыға, / Жылымшып аппақ болып жауады қар. / Жеті бұтақ басқанда, жер жарылып, / Жайы қамап болмаса жан қиналар. / Сегізін тамам қылып басқан жанның / Артында тоқсан жеті бұтақ қалар, / Үш бұтақтан сақтанса, соған келіп, / Ұясы мың екі жүз тамам болар.
  13. Айтайын мен жұмбақ ақыл ойлап, / Қойыпты бір терекке дүлдүл байлап. / Қайнайды ар жағында дария, теңіз, / Тапқанша бір сасарсыз ақыл ойлап.
  14. Қарт басқан қара нар, / Жез бұйдалы нар тайлақ. / Бауыры сүтті сары інген, / Сұм қарағай бұтақсыз, / Мысыр деген шаһардың ортасында бір қонақ.
  15. Күніне бір өліп, бір тіріледі, / Ақырында тұра алмай кідіреді. / Ойлағанға келісімді шешуі бар, / Ойланбаса мұны да, кім біледі.
  16. Көз көрмей қоймайды екен тірі адам, / Ғаламды жұта берер түрі жаман.
  17. Құдайдан басқа адамның баршасы да теп-тегіс, / Адамнан аласы бар, аурудан қаласы бар.
  18. Бар болса – жоғым дер, / Жоқ болса – барым дер, / Жар жағалап жүрсе де, / Бір шырақтай жаным дер.
  19. Турасаң да, бөлінбейді, / Қараңғыда көрінбейді.
  20. Жүрсем, жүреді, / Күлсем, күлмейді.
  21. Шапса, шабылмайды, / Көмсе, көмілмейді.
  22. Тепсем, тебілмейді, / Бассам, басылмайды.
  23. Қайда барсаң ереді, / Жер бауырлап келеді.
  24. Өзінің жаны жоқ, / Күнмен бірге жүрер.
  25. Қуып едім, / Мойын бұрмады. / Ұстайын деп едім, / Қолға тұрмады.
  26. Алам аяқ, алам аяқ, / Жүгірсем, жеткізбейді, жалаң аяқ.
  27. Ербекей де, сербекей, / Ауыз үйге кірмейді.
  28. Жаңа-жаңа шекпенім, / Жанымнан қалмас шекпенім. / Ескі-ескі шекпенім, / Бұлтты күні қайда кеткен шекпенім.
  29. Жаман-жұман жармағым, / Жанымнан қалмас жармағым, / Ескі-құсқы жармағым, / Есімнен қалмас жармағым.
  30. Жаман жолдасым маңымнан қалмайды.
  31. Ерте, кеште бой жазып, / Дәл талтүсте жантайған.
  32. Сыпырамын, сыпыра алмаймын, / Тазартамын, тазарта алмаймын.
  33. Қараңдап, қусаң қашады, жеткізбейді, / Өзіңнен алыс ұзап көп кетпейді. / Тез өсіп, тез қысқарад жарықпенен / Қолыңа ұстасаң да, ілінбейді.
  34. Тұрсам, тұрады, / Жүрсем, жүреді, / Жатсам, жатады.
  35. Еңкейсем, еңкейеді, / Шалқайсам, шалқаяды.
  36. Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді, / Күнде жаңа, ескіріп көнермейді. / Көлге түсіп, қуаңға аунаса да, / Тәніне шық, етіне шөп енбейді.
  37. Жаратқанға жабысқан, / Жалпағынан қабысқан.
  38. Артыңнан еріп қалмайды, / Қараңғыда жалмайды. / Кейде ұзын, кейде қысқа, / Шаршамайды, талмайды.
  39. Қараңғыда біреу едім, / Күн шыққан соң екеу болдым.
  40. Әбен аяқ, тіллә таяқ, / Жүгірдім, жете алмадым.
  41. Сен әрі отыр, / Мен бері отырайын.
  42. Суда жатады, / Өзі батпайды.
  43. Мұрыннан кетпейді, / Қолға түспейді.
  44. Кішкентай ғана өзі бар, / Мыңнан да көп көзі бар.
  45. Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.
  46. «Аң» десем атып түсер алтын асық, / Келмейді шақырсам да алыс қашып, / Түскен соң жерге барып бағасы жоқ, / Жүремін аяғыммен еркін басып.
  47. Айдалада ақ тотым, / Жүгіріп барсам жоқ тотым.
  48. Топ етті, дөңгеленді, / Ақ мамыққа бөленді.
  49. Топ етті, / Тонға оранды.
  50. Былқ-былқ, былқ семіз, / Сүйегі жоқ, нық семіз.
  51. Мысыр атты бір шаһар, / Ортасында қырық бұлақ. / Төскейден балық ұстадым, / Құралықсыз құр-құрлап.
  52. Көзге түсіп көріне жүрмейді, / Сүйтсе де бірден танып кідірмейді. / Күні-түні барады тынбай жүріп, / Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
  53. Сандығымның ішінде сақам бар, / Бүк екенін, шік екенін білмеймін.
  54. Бір нәрсе жатқан жері сондай берік, / Қорығын көреді екен бөліп-бөліп. / Ұйқыдан оянған соң тұра салып, / Кезеді адамзаттың соңына еріп.
  55. Омбыдан ояз келді теңбілменен, / Аяғын қадам басып бір жүрмеген. / Қанша адам құрметіне жүрсе дағы, / Болғанша уақтысы бір жүрмеген.
  56. Құлақ сал, бұл сөзіме, ау жамағат, / Бір күні елге келді көп жамағат. / Бір шақта халық ішіне өзі келді, / Жалаңаш, өзі жаяу бір азамат. / Көрді де бұл адамды, болды шатта, / Құрметтеп құп сыйлайды адамзат та, / Сүйегі жоқ екі қой азық беріп, / Мінгізді ол адамды жалғыз атқа.
  57. Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты, / Дөңгелек екі басы ай сияқты. / Төрт есік мәткесі бар, уығы жоқ, / Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ, / Құс төсек, мамық жастық, біреу жатыр, / Көңлі уайымсыз жай сияқты.
  58. Ақ қозы, / Құмалағы көп қозы.
  59. Ағай-ағай, ағай құс, / Аяғынан таңған құс. / Көгей-көгей құс, / Көкірегінен таңған құс.
  60. Бір өзі іштен шығады тіл білмеген, / Ақ отау тегін берді дүмбірлеген. / Бір күні жолға түсіп жүріп кетті, / Еш бұйым қалдырмады бүлдірмеген.
  61. Қырық жұма қараңғы үйде тұрдым, / Алты жұма ауырып жаттым, / Жиырма жұма мені байлады, / Бір жыл асылып тұрдым.
  62. Таңертең төрт аяқты, / Түсте екі аяқты, / Кешке қарай үш аяқты.
  63. Бақ-бақ бақасы, / Бақылдайды сақасы. / Екі торсық азығы, / Қақаңдайды қазығы.
  64. Сақырлаған шатыры, / Ішіндегі батыры. / Астында киіз қазығы, / Екі торсық азығы.
  65. Таудан құлан ұстадым, / Жүген-құрықсыз құр-құрлап.
  66. Бір атым Оралда, / Не қамым боранда.
  67. Шықтым далаға, / Қалдым балаңа. / Шықпас едім балаңа, / Қалмас едім балаңа.
  68. Көлдей, / Шөлдей.
  69. Ақ киік ауа жайлап шиыр қаққан, / Жігіттер, болса әр іс қадір хақтан. / Біреудің асыранды балапаны / Патша еді заманында атайды тақтан.
  70. Бір қыз бар дүниеде шынарланған, / Со қызға елдің бәрі құмарланған. / Бір адам, бір хайуан, бір жануар, / Ақыры сол қызды үшеуі алған.
  71. Бір нәрсе өзі кербез, өзі тыраш, / Жүреді жан-жағына салып құлаш. / Заласын қарындасқа тигізеді, / Пайдасы айдалада көген алаш.
  72. Ол не – дүр, кім жүз – дүр бармақты, / Сегіз аяқ астында дүр тұрмақты. / Бес бас, бес тәні, төрт жаны, / Не ғажайып – дүр, бесі барып, төрт қайтпақты.
  73. Төрт қарны бар, / Бір аузы бар.
  74. Қазша қанатын жаяды, / Үйрекше мойнын созады, / Құсша қонады.
  75. Біреу екен анасы, / Жиырма бес баласы. / Іш жағынан қарасаң, / Хан шаһар-қаласы. / Маңдайында ағы бар, / Түрлі қажет табылар. / Түгел екен тұрманы, / Керек жағы тағы бар.
  76. Дүниеде бір айдаһар білесің бе, / Жаны жоқ қимылдауға денесінде. / Ішінде сүйектері бақша-бақша, / Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
  77. Өзі жүкті, / Сырты түкті.
  78. Ел ішінен келді, аты жоқ, / Ел оған ат берді жаны жоқ. / Соғымына екі қой берді, / Еті бар, сүйегі жоқ.
  79. Сақыр-сақыр сақасы, / Ішіндегі бақасы. / Екі торсық азығы, / Діңкілдейді қазығы.
  80. Табаққа түспес, / Қазанға піспес, / Оны ішпей адам өспес.
  81. Жаламада жалғыз тұяқ.
  82. Жайлаған бір көшеде отыз бөрі, / Он жігіт сол бөрінің қызметкері. / Сайраған ортасында жалғыз қызы, / Бүркейді оның бәрін екі тері.
  83. Оным отызға берді, / Отызым ылпыңға берді. / Ылпың жылпыңға берді / Жылпың жылжыта берді.
  84. Сәуле астында жүз ине.
  85. Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек, / Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. / Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, / Мал жемес, шауып алып неме керек. / Сол таудың ортасында екі өзен. / Астында бұлағы бар, алды кезең. / Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, / Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. / Сол таудың етегінде жалғыз құдық, / Беткейде асыл таспен аузын қиып, / Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас, / Асыл тас жібереді бәрін қиып.
  86. Бір таудың алпыс екі саласы бар, / Он екі жанында қаласы бар. / Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, / Барлығын біліп тұрған анасы бар.
  87. Бір дария жерде де емес, көкте де емес, / Болғанда түбі терең, аузы кемеш, / Ішіне ит түссе де арам емес.
  88. Тұла бойы тыста, / Екі құлағы іште.
  89. Сырты ағашпенен қабаттаған, / Ілініп бір бөлшегі салақтаған. / Асылды ішіндегі алсаң тартып, / Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.
  90. Сүмбелі теректі, / Қызыл желекті. / Ерден қалмайды, / Жауда керек-ті.
  91. Жер үстінде бір бәйтерек, / Оның бар он екі бұтағы. / Әрқайсында отыз жапырақ, / Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.
  92. Сырт-сырт сыртылдайды, / Тілі екеу, сөзсіз үн шығады. / Кейде екеуі бір жерде, / Қосылып бірге дем алады.
  93. Желсіз, сусыз айналған бір диірмен, / Шыққан күнмен айналып бірдей жүрген. / Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар, / Ақылың жетік данасың ойлап білген.
  94. Аспанда қаһарланған алты терек, / Ұясы алтауының бөлек-бөлек.
  95. Базардан бір текемет алдым сатып, / Алты айдай текеметте жүрдім жатып, / Бұл іске мен ғажайып болып тұрмын, / Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.
  96. Келеді үлкен алып аузын ашып, / Жүреді он екі аяқ қадам басып, / Әрбірінде отыздан бармағы бар, / Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.
  97. Руымыз Әнжан, / Атқа міндік алты адам, / Алтаумыз да балуан, / Тұра қашты бір қоян. / Басып қалдық жалма-жан, / Басып тұрдық бесеуміз, / Бауыздадық біреуміз, / Мойны шықты қырық сабын, / Бұзаушығы былай тұр. / Терісі шықты алпыс етік, / Қырық ұлтан, / Сыздығы былай тұр. / Мұны өтірік демесең, / Ойланып ал, шыдай тұр.
  98. Түбі мықты жаралған сегіз батыр, / Баяғыдан соғысып келе жатыр. / Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып, / Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
  99. Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді, / Байлаған екі шынжыр мықтап мұны, / Жүрісі бір шақта әм тұрысы, / Дауыстап уақытымен шығады үні. / Алты пар шаян, отыз пар шегірткесі, / Шырылдап дамыл таппай күні-түні.
  100. Басына биік таудың бітеді раң, / Жайлайды ол раңды екі түрлі аң. / Қолына өткір семсер қылыш алып, / Шығады аң аулауға салып ұран. / Ат мінген бұл екеуі жүгендемей, / Дүниені кетпекші емес түгендемей, / Астында екеуінің аты да бар, / Құрығы шолақ болған бөгендемей.

Ауыз әдебиеті