Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қару-жарақ, аңшы және аңшы құралдары туралы жұмбақтар

Қару-жарақ, аңшы және аңшы құралдары туралы жұмбақтар — 52 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар.

  1. Сырты ағашпенен қабаттаған, / Ілініп бір бөлшегі салақтаған. / Асылды ішіндегі алсаң тартып, / Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.
  2. Сүмбелі теректі, / Қызыл желекті. / Ерден қалмайды, / Жауда керек-ті.
  3. Белі бүкір, / Алысқа түкір.
  4. Бас бармағы бармақтай, / Бақырғаны тайлақтай.
  5. Алып соғып арс етті, / Даусы Самарқанға жетті.
  6. Дауыстап жаһанда ақырғанда, / Баласы қайта келмес шақырғанға.
  7. Бір нәрсе ғажайып, қайран өзі жүйрік, / Онда жоқ ұшатұғын қанат, құйрық. / Өзінің жан алмаған еркі бар, / Жасаған жарасулы етсең бұйрық.
  8. Тау тарс етті, / Күн гүрс етті. / Жырадағы жылқы үрікті, / Жымда жатқан түлкі үрікті.
  9. Темір жатыр ағаштың арқасында, / Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар, / Әкесі ашуланса баласына.
  10. Қара көк бір нәрсе бар, күміс өңдес / Жүрген жүрісін адам білмес. / Қаһарланып бір сапар ақырғанда / Естіген мақұлық жақын келмес.
  11. Бір нәрсе өзі жансыз, жегені құм, / Бозбала табар мұны заманы сұм. / Тән нәсіп қадалғаннан қан алады, / Күніне шаршамайды болса да мың.
  12. Көз алдыма әкелсем, / Алыс жерге түкірген. / Ебін тапсаң, инедей, / Айтқан жерден түйрелген.
  13. Өмір-өмір, өмірден, / Жаққан оты көмірден. / Шыңырау деген бір құс бар, / Жұмыртқасы темірден.
  14. Жылт, жылт еткен, / Жылғадан өткен.
  15. Қуыс қурайдың басынан / Құтырған торғай ұшты.
  16. Қара күшігім қаңқ етті, / Даусы Бұхарға жетті.
  17. Бір құс бар сондай ұшқыр, ұшар жерден, / Жалпылдап жанған оты қолын сермер, / Шыңыраудан мойны ұзын шығады екен, / Шошынар жанды мақұлық оны көрген.
  18. Судыр-судыр жүгенім, / Судыр қара дөненім. / Желіп кетсе, жеткізбес, / Түсіп кетсе, таптырмас.
  19. Аузы жоқ, қолы жоқ, / Ұшқан құстан озады.
  20. Ұшса, сырнай тартар, / Қонса, қарап жатар.
  21. Тиіп кетсе, тырс етіп қақ жарылған, / Бар тетігі адамзатқа бағынған. / Мерт қылады жақын келген нәрсені, / Қастық қылса, жаудың жайы табылмаған.
  22. Ашуына басқанда, / Шаң көтерген аспанға.
  23. Құстай ұшып зыр қаққан, / Түскен жерін қиратқан.
  24. Тау астынан күрсілдеп, / Жөтеледі, құсады. / Құсығы жоқ жалынды, / Түскен жерін өрт құшады.
  25. Адамның ең қымбатты, / Тастамайтын құралы. / Кішкене ғана қозғалса, / Жапыра жауды қырады.
  26. Екі аяқты кеулейді басын созған, / Мойнында жалын қамыт ноқталанған. / Ұзын тұмсық құйрығы келте келген, / Тиіп кетсең, бұрқылдап сыртылдаған.
  27. Жорғалаған тасбақа, / Болаттан киген көйлегі. / Жапырып жауды үстінен / Баса-көктеп өтеді.
  28. Бір нәрсе үш қанатпенен ұшар, / Мысалы аяқпенен аузын ашар, / Өлік құс тірі құстың қанын шашар.
  29. Ол не дүр басы айыр, түгі бар, / Өзі ағаш, ақ темірден бөркі бар. / Адамзат себеп болып ол дағы, / Алладан пәрмен келсе, өлтірмекке еркі бар.
  30. Белі қайқы, / Жоны тайқы.
  31. Қара күшігім қабаған, / Артына киіз жамаған.
  32. Бір нәрсе қимылдамас жүр дегенде, / Көтерілмес орнынан тұр дегенде. / Қарап жатыр десең де, қимылы тез, / Жылдамдығын білдірер білмегенге.
  33. Бір нәрсе алты аяқты жүрген өзі, / Ешкімді құтқармайды келсе кезі. / Қызығы әр жәндіктен алып жесе, / Ғажайып маңдайында жалғыз көзі.
  34. Шаңырақты, түндікті, / Шіреніп жатқан бір мықты. / Тие көрме құрғырға, / Тиіп кетсең, ырғытты.
  35. Жатады көкке қарап аузын ашып, / Жалғанда сағасынан бір-ақ басып. / Ұстайды, жібермейді кім болса да, / Қалады байқамаған асып-сасып.
  36. Болғанда қолы біреу төрт саусақты, / Қызметке жақынырақ жүрер жағы. / Жұмсасаң, жібермейді, іркілмейді, / Жаурадым, шөлдедім деп айтпас тағы.
  37. Өзі батыр, / Жер астында жатыр.
  38. Жандыны алар қағып жансыз нәрсе, / Жанарсың бұл нәрсені көзің көрсе. / Бір қабат астынан орын теуіп, / Ұстайды кімді болсын, кезі келсе.
  39. Кішкене ғана тостаған, / Айдалаға тастаған.
  40. Жапанда бір айдаһар бұғып жатқан, / Оятып өз жанынан қаза тапқан. / Нәрсеге, не болса да, өзі тажал, / Аяғы сондай мықты жерге батқан.
  41. Ақылы бар, басы жоқ, / Аузы бар, денесі жоқ, / Қолы бар, аяғы жоқ.
  42. Бір нәрсе өзі жансыз, жандыны алған, / Оны жұрт киізге орап көрге салған. / Біраз күн көр ішінде жатып-жатып, / Бір күні өзі кетіп орны қалған.
  43. Дөңгелек үңірейген тесіктері, / Белгісіз сықырлаған есіктері. / Есігін байқаусызда түртіп қалсаң, / Жібермей ұстай алған кәсіптері.
  44. Құдайдың құдіретіне қылдым нәсіп, / Қалады шыққан кезде бір-ақ тасып. / Құдайдан күні-түні тілек тілеп, / Жатады көкке қарай аузын ашып.
  45. Қолымда жібек баулы жалғыз таяқ, / Сүйреттім ойдан қырға аямай-ақ.
  46. Бар екен бір айдаһар жалғыз тілді, / Ұқсамас еш сипатқа оның түрі. / Өзі жансыз айдаһар жандыны алған, / Жеріне жақындаған кетпес тірі.
  47. Салса жұтқыр, / Бермесең, тілейді, / Берсең, «алам» дейді, / Өзің түссең, «қалам» дейді.
  48. Бір нәрсе сырты бүтін, іші қуыс, / Айуан жандармен болған туыс. / Бір елдің патшасын ол қаратады, / Қарасаң, бар денесі бір-ақ уыс.
  49. Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс, / Адамға әр уақытта болар туыс. / Бір ердің мақұлығы тоқтатады, / Адамға мұны таппақ қиын жұмыс.
  50. Бүтін дейін десем, бүтін емес, / Жыртық дейін десем, жыртық емес. / Жануармен ұрыс салады, / Өне бойы тыртық емес.
  51. Бір нәрсе мен айтайын ойлаңқырап, / Қарны біреу, қанаты екеу, үш жүз құлақ. / Күндіз адамзатқа көрінбейді, / Жатады кешке шығып еннен сұлап.
  52. Су ішінде өрмек құрдым, / Ала жаздай ермек қылдым.

Ауыз әдебиеті