Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Техника туралы жұмбақтар

Техника туралы жұмбақтар — 111 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 1-бет, барлығы 2 бет.

  1. Бар екен бір азырақ іште суы, / Бұл өзі бір талайдың екен қуы. / Бір-ақ қарыс темірді түртіп қойсаң, / Шығады ашуланып сыртқа буы.
  2. Қарынды, баста қылған, аяғы үш, / Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті, / Қарнына таяқ тығып піспектесең, / Ысқырып күрілдейді қайнайды күш. / Осындай түсі суық мақұлық бар, / Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
  3. Бір алып мыңды тартады, / Үстіне жүгін аямай артады.
  4. Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды, / Аяғын көз ілеспес ол қозғайды. / Үстіне не салсаң да тиеп алып, / Қара інген ботасы жоқ құр боздайды.
  5. Дүниеде бір жүйрік бар, / Жалғыз көзі жайнаған. / Мың кісі сансыз темірді, / Арқасына байлаған. / Дем алмастан бақырып, / Жердің жүзін шарлаған. / Тауды-тасты қопарып, / Мұрнынан лебі парлаған.
  6. Бұл жалғанда жаны бар, / Міндім қайық, / Көз көрімге кетеді болып ғайып.
  7. Атсыз, жансыз бір нәрсе жаяу жүрген, / Қарына неше жерден шоқпар ілген. / Әрі атсыз, әрі жансыз болса дағы, / Халықтың неше түрлі тілін білген.
  8. Топтанып келе жатыр қара қабан, / Ойлаған жерлеріне тынбай барған. / Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып, / Болдырып шаршамайтын сондай хайуан.
  9. Келетін ғажайып бар әр тараптан, / Екпіні бір кем емес, атқан оқтан. / Үстінде неше түрлі нәрсесі бар, / Бу шығып құлағынан бұрқыратқан, / Ысқырып, ыңыранса азан-қазан, / Қос көзін маңдайында жылтыратқан.
  10. Бір алыпты мен көрдім, / Көрінгенді қармаған. / Болғанда екі қанат, отыз қолы, / Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, / Бар екен алақандай аралшығы, / Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
  11. Жақындаған нәрсенің, / Бірі өзгермей қалмаған, / Жегендері қайталап, / Ағып жатыр артынан, / Шыққандай-ақ қоймадан, / Кейін керек болар деп, / Асылын сақтап ойлаған.
  12. Бір құс бар өзі үлкен көп аяқты, / Қанаты, жүні әдемі салтанатты. / Адамды қиқу салып шақырады, / Қанатын су үстіне шылпылдатты.
  13. Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ, / Көлденең тірегені айқыш таяқ. / Екі қол-аяғында дабыл болмас, / Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.
  14. Судан шыққан тасбақа жалмаңдаған, / Тұмсығын қайқаңдатып сумаңдатқан. / Денесі болат темір сондай мықты, / Артқы жағы бұрқылдап сырдаңдаған.
  15. Бір нәрсе бар дүниеде тұмсығы ұзын, / Әп-сәтте аралайды жердің жүзін. / Санап көрсем көп адам таниды екен, / Таптырмайтын десе де басқан ізін.
  16. Бір нәрсе әуенменен сөйлеп қатты, / Әуеден оның өзі керек тапты. / Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі, / Қаратады аузына жамағатты.
  17. Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты, / Адаммен қатынасы сондай күшті. / Саңқылдап керек затқа хабар берер, / Бір жерін аңдаусызда басса жетті.
  18. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі, / Адамша естіледі айтқан сөзі, / Дауысы анық боп шыққанменен, / Көрінбес бас-аяғы, екі көзі.
  19. Болғанда екі құлақ, екі шелек, / Бітіпті ортасында шынар терек. / Теректің сабынан ба деп ойлаймын, / Тұрады жауын жауып, күн себелеп.
  20. Жансызды жалғыз аяқ зарлатады, / Аяғын бір көтеріп, бір салады. / Апырмай-ай, бұл не екенін біле алмадым, / Айында титімдей-ақ нәр татады.
  21. Жоғарыдан айдадым, / Белін жіппен байладым. / Сыпыра тақта астында, / Шалып, қағып ойнадым.
  22. Қанаты бар, жаны жоқ, / Табаны бар, аяғы жоқ. / Өзі ұшады, аспанда жүреді, / Теңізден де, таудан да өтеді.
  23. Құс сияқты, құс емес, / Самғап ұшқан биікке. / Қанаты бар қақпайды, / Жүрсе де сондай биікте.
  24. Бір жайын көк жүзінде еткен сайран, / Көргендер қызметіне болар қайран. / Зымырай зулағанда ізі түспес, / Қайткенде тиеді деп көпке пайдам.
  25. Бір қыран аспанда ұшып қалықтаған, / Күндіз-түн жердің жүзін шарықтаған. / Қанаты ағаш, кеудесі темір болат, / Ұшса да қанша алысқа, талықпаған.
  26. Әне кетті өзі, / Көрінбейді ізі. / Кімнің күші, / Кімнің ісі?
  27. Бір балық көк жолында еткен сайран, / Дамылды көрінеді келді қайдан. / Аузына бір шабақты тістеп алып, / Деп айтар жата алмаймын тапсаң, ойлан. / Заулайды қайда барса, ізі түспес, / Мақсаты – тигізем деу көпке пайдам.
  28. Бар екен үлкен жорға қайқаңдаған, / Тұяғы жерге тимес тайпалмаған. / Сағатта мың шақырым жерге барып, / Көңілін еш пенденің қайтармаған.
  29. Пырылдар көкте инелік, / Инелік емес үй делік.
  30. Бір қалта бар қабат-қабат, / Айналасына жұрт таң қалад. / Көктен жерге лақтырсаң да, / Алып түсер сау-саламат.
  31. Жоқ оның моторы да, қанаты да, / Сонда да ұшқыштардың санатында.
  32. Бар екен бір нақты зат түсі қара, / Сүйрейді неше мың пұт іліп ала. / Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың, / Таңданады көрген жандар тамашаға.
  33. Бір керуен қатарында өңшең түйе, / Аузынан жалын шығар қара күйе. / Жүрмейді ұрса дағы басқалары, / Бәріне жалғыз бура болған ие.
  34. Қара нар қатарынан бір озбаған, / Боз інген ботасы жоқ құр боздаған. / Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап, / Аяғын анда-санда бір қозғаған.
  35. Ойланып мен жұмбақты енді жазам, / Дүниеде бар бір күшті қара қазан. / Үстіне жанды-жансыз толған мүлік, / Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.
  36. Ұзын-ұзын жолы бар, / Жолмен жүред жануар. / Дауысы зор әндетсе, / Денесі болат жануар. / Өзі жүрсе, ертеді, / Жолдасын бастап жануар.
  37. Жүйрік бар жер бетімен самғайтұғын, / Жол салса, жері бар ма бармайтұғын? / Аяғын жазды күні жерге баспай, / Қыста да қар үстінде талмайтұғын. / Соңына ертіп алған серігі көп, / Зымырай бірге ілесіп қалмайтұғын. / Жануар су ішсе де, шөп жемейді, / Шын жүйрік шабысынан танбайтұғын.
  38. Ақырып айқай салар аузын ашып, / Жеп қояр деп ойлама үркіп, сасып. / Адымы бір күншілік жерді басқан, / Жолынан жан мақұлық тұрар қашып.
  39. Кезегін жаңылмайды жаз бенен қыс, / Келгенде күн төбеге болады түс. / Күніне жүз шақырым жер жүреді, / Келеді қырық қанатты бір жансыз құс.
  40. Жаһанда бір жолаушы аузын ашып, / Аяғын келе жатыр жылдам басып. / Жарқырап маңдайында екі көзі, / Ілезде жеткізеді жерге қашық.
  41. Төрт аяқты, екі көзді, / Өзі жансыз жүреді. / От пен майдан жемі бар, / Құрыш болат жүрегі.
  42. Бір жануар домаланған екі көзді, / Адамның ықпалымен жүреді өзі. / Сияды ішіне оның төрт-бес кісі, / Жарқырап, түнде жортса, екі көзі.
  43. Кеудесінде жаны жоқ, / Тамырында қаны жоқ. / Май жейді, / Су ішеді.
  44. Тау басында кібіт көрдім, / Оны ашатын кілт көрдім. / Екі басты жүйрік-ті, / Ортасына мініп көрдім.
  45. Табаны дөңгелейді, жер баспайды, / Жаңылып қисабынан адаспайды. / Ақылы дана болған азаматтар, / Пар келіп мұныменен таласпайды.
  46. Жүйіткіген дәу үйінде, / Жүйрік деп ел сүйінді. / Тас жолда жұртты тасып жүр, / Жылдамдыққа басып жүр.
  47. Төбесі сымға тимесе, / Ол ешқашан жүре алмас. / Өз иесі басқармаса, / Оны ешкім бұра алмас.
  48. Жоқ даусы, жоқ сөзі, / Жарқырайды көп көзі. / Жолыңды ашып тұрады, / Бұйрығын жұрт ұғады.
  49. Бір үйде бір құс отыр мекен еткен, / Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен. / Қолына қалам алмай хат жазады, / Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.
  50. Шың етсе, шыңқылдайды әлек-шәлек, / Жыбыр-жыбыр шимайы бөлек-бөлек. / Шырай беріп шимайы барлық жанға, / Несі барын білмеймін көз телміреді.
  51. Салалы саусағы бар сабақ тарақ, / Тықпалап біреуіне бірін таяп. / Былғаныш қара күйе қарны айналып, / Текшелеп жиып береді сандықтай-ақ.
  52. Қара атан тынбай жүріп ақырады, / Артынан ертіп алып төрт-бес жанды. / Қыртысын қара жердің қақ айырар, / Күшті де көріп пе едің мұндайларды?
  53. Қара азбан дем алыс жоқ бақырады, / Қолы көп сансыз саусақ батырады. / Тісімен қара жерді быт-шыт қылып, / Жер үстін борандатып шарқ ұрады.
  54. Денесі ирек-ирек жалғыз тісті, / Бір өзі бітіреді сонша істі. / Тісіне қанша салмақ салса дағы, / Созылғыш әрі сынбас әрі күшті.
  55. Төрт аяғы бар, / Артқы аяқтарының тұяғы бар. / Сирағы темірден, / Тұяғы болаттан. / Май ішеді бензиннен, / Бұл не деген жануар?
  56. Гүр-гүр етеді көкірегі, / Жүрсе, көксау секілді, / Күш дегенің өте мығым, / Тасиды кейде егінді.
  57. Айдалада бір нәрсе көресің бе, / Бар екен жалғыз көзі төбесінде. / Апырай, немене деп барып қалсам, / Жаны бар алқам-салқам денесінде.
  58. Отыз аттың күші бар, бір тұлпардың, / Келеді оған әлі топты жанның. / Сом болат тұяғымен тартып жерді, / Табады бір керегін шаруаның.
  59. Бұрқылдаған қара нар, / Аласұрар шатынап. / Жүрген жері ор болып, / Қала берер қазылып.
  60. Төрт аяқты, екі көзді, / Кеудесі бар, басы жоқ, / Білегі бар, аяғы бар, / Өзі күшті, қолы жоқ.
  61. Кеудесі толған күш, / Табаны толған тіс.
  62. Бір нәрсе ауырлығы алты батпан, / Ызаланса, ашуланып жерді қапқан. / Ұстасы адамзаттың соққан емес. / Бағалап сом темірге күміс жапқан.
  63. Бір батыр тамақ берсең, жұта берер. / Ішінде сүйектері бақша-бақша, / Уатып талқан қылып құя берер.
  64. Сабан той бастап, / Салды бір әнді. / Сабанды тастап, / Сыпырды дәнді.
  65. Бас салып талқандайды қырқып, кертіп, / Адамзат зыр жүгірер құрмет етіп, / Тамағын тойғыза алмас кешке дейін, / Барша адам жұмыс қылған, қызмет етіп.
  66. Бір нәрсе келе жатыр сондай епті, / Сайраған сақылдаған тісі көп-ті. / Жұтпайды, тістегенмен қайта құсар, / Мал, мақұлық сол құсықтан қорек етті.
  67. Бір нәрсе қозғалады желіп, жортып, / Көзіне көрінгенді жейді жұтып, / Жұтқанын бір ұртынан түсіреді, / Адамзат пайдаланар керек етіп.
  68. Өздігінен жүрмейді, жарыспайды, / Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды. / Аяғы екеу болғанмен, ізі жалғыз, / Сағатта талай жерді қарыштайды.
  69. Екі аяқты, бір басты, / Жүгіреді тым қатты.
  70. Екі аяқты жануар, / Жаны жоқ, басқан ізі бар. / Үзенгілі, жүгенсіз, / Тартпасы жоқ, ері бар.
  71. Бір зымырақ дүниеде екі аяқ, / Күш берген оған дағы аямай-ақ. / Адамды көтеріп ол ұшады екен, / Былқылдап құс төсектей жұмсақ тұяқ.
  72. Кем көрмеймін аттан өзін, / Мініп жүрем баптап өзін. / Бірақ аттай жем жемейді, / Болдырмай, шөлдемейді.
  73. Мысықтан зор бойы бар, бірақ жансыз, / Адамға пайдасы көп тіпті сансыз. / Бірдей қызмет атқарды малменен ол, / Үстіне шығарар ол еш амалсыз.
  74. Бардым базарға, / Алдым бір жорға, / Жорғалаттым жолдан жолға.
  75. Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты, / Бойына жиып алған салтанатты. / Төбеде екі түрлі айдары бар, / Жүреді су сабалап құс қанаты.
  76. Үйрек емес, қаз емес, / Балық емес судағы, / Өзі жүзе біледі. / Жемі көмір және май, / Шешуін кім біледі?
  77. Жылдам барып қайтады, / Не айтсам, соны айтады. / Жатырқамайды ешкімді, / Бекер деп кім айтады.
  78. Бір құсым бар жаны жоқ, / Қанатының саны жоқ. / Кісіге өзі тым жақын, / Сөйлесуге дамыл жоқ.
  79. Көзге түртсең, сөйлейді, / Көзім ауырды демейді. / Сұрауға жауап береді, / Адамға осы керегі.
  80. Шыр-шыр етеді, / Құлағыңнан өтеді. / Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.
  81. Бір жәшік төрт бұрышты сырғасы бар, / Көтерсең сырғасынан, даусы шығар. / Қанша алыс болсаң дағы екі сырға, / Есітіп бір-біріне жақын қылар.
  82. Бір нәрсе доп-домалақ ақылы зерек, / Қолына ұстағаны ағал терек. / Беліне орағаны мәсен белбеу, / Ауыздан шыққан сөзді білер зерек.
  83. Бір бұлбұл отырады салып әнді, / Жүруге аяғы жоқ, емес жанды. / Өнері қандай асқан деп ойлаймын, / Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.
  84. Адам емес, тілі бар, / Әрбір үйден табылар. / Үй емес жалғыз тұрағы, / Көшеде де тұрады.
  85. Ай болмас айдан айға ауыспаған, / Ақылын пенде біліп тауыспаған. / Дүниеде өзі жансыз, ғажап екен, / Адамзат тиіп кетсе, дауыстаған.
  86. Есіксіз үй кішкене, / Әңгіме айтар кей шақта. / Жан адам жоқ ішінде, / Ән де салады кей уақытта.
  87. Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде, / Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде. / Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды, / Мәделі тығулы тұр кеудесінде.
  88. Сөйлейді жан жоқ кеудесінде, / Қызықты мағына бар кеңесінде. / Суретін шежіре етіп тартып берер, / Болғанын қанды майдан егесінде.
  89. Қараңғы тамның ішінде, / Ақ төсектің үстінде. / Бір-бір жарым сағат ішінде, / Бір адамның тағдыры шешіледі.
  90. Ән салады чемодан, / Ішінде тұр көп адам. / Естімейді сөзіңді, / Сөйлесең де сен оған.
  91. Бүп-бүккіш күміс құйрық, серке санды, / Ой желке жалпақ маңдай, жібек жалды. / Бекініп жар астында жатқан жауға, / Барды да кешікпей-ақ найза салды. / Суарып анда-санда шалдырмады, / Білмейді қысы-жазы арығанды.
  92. Жайма жалды, серке санды, / Ұстағанда құйрығын түріп алады.
  93. Ғажайып кемпір көрдім жалғыз аяқ, / Аузына тістегені жалғыз таяқ. / Табаны жалтыр мұздан бір таймайды, / Зырлайды күні-түні аянбай-ақ.
  94. Бар екен бір жеңешем қап-қара тас, / Жемейді, ішпейді де, болмайды мас. / Халықтың бәрін тегіс киіндіріп, / Дүниеден өткен өзі жалаңаш.
  95. Күміс құйрық, жібек жалды, / Ой желке, қамыс құлақ, серке санды. / Әрі бері жауменен шапқыласып, / Бәрін де қырып-жойып басып алды.
  96. Базардан келген бір тайлақ, / Басын қойдым байлап. / Байласам да тұрмады, / Ор текеше ойнап.
  97. Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды, / Иесі мәпелейді жануарды. / Суарып анда-санда бір шалдырса, / Білмейді қысы-жазы арығанды.
  98. Шұбар ала қызым бар, / Тұмсығында бізі бар. / Келіп кетер тоқтамай, / Артынан түскен ізі бар.
  99. Тамыр-тамыр тамаша, / Тұрған бойы аласа. / Дүниенің жүгін бітіреді, / Адамға барып жанаса.
  100. Бір нәрсе қатпар қарын гүрілдеген, / Ішінде қуаты бар көрінбеген. / Адамзаттың қолында ықтияры, / Жұмыстан өзі ешбір ерінбеген.

Ауыз әдебиеті