Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Шешуін көру
Шешуі: Адамның басы, беті, аузы, тісі
Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар
- Сақыр-сақыр сақасы…
- Табаққа түспес…
- Жаламада жалғыз тұяқ.
- Жайлаған бір көшеде отыз бөрі…
- Оным отызға берді…
- Сәуле астында жүз ине.
- Бір таудың алпыс екі саласы ба�…
- Бір дария жерде де емес, көкте де емес…