Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 23-бет, барлығы 23 бет.
- Өздігінен жүрмейді, жарыспайды, / Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды. / Аяғы екеу болғанмен, ізі жалғыз, / Сағатта талай жерді қарыштайды.
- Екі аяқты, бір басты, / Жүгіреді тым қатты.
- Екі аяқты жануар, / Жаны жоқ, басқан ізі бар. / Үзенгілі, жүгенсіз, / Тартпасы жоқ, ері бар.
- Бір зымырақ дүниеде екі аяқ, / Күш берген оған дағы аямай-ақ. / Адамды көтеріп ол ұшады екен, / Былқылдап құс төсектей жұмсақ тұяқ.
- Кем көрмеймін аттан өзін, / Мініп жүрем баптап өзін. / Бірақ аттай жем жемейді, / Болдырмай, шөлдемейді.
- Мысықтан зор бойы бар, бірақ жансыз, / Адамға пайдасы көп тіпті сансыз. / Бірдей қызмет атқарды малменен ол, / Үстіне шығарар ол еш амалсыз.
- Бардым базарға, / Алдым бір жорға, / Жорғалаттым жолдан жолға.
- Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты, / Бойына жиып алған салтанатты. / Төбеде екі түрлі айдары бар, / Жүреді су сабалап құс қанаты.
- Үйрек емес, қаз емес, / Балық емес судағы, / Өзі жүзе біледі. / Жемі көмір және май, / Шешуін кім біледі?
- Жылдам барып қайтады, / Не айтсам, соны айтады. / Жатырқамайды ешкімді, / Бекер деп кім айтады.
- Бір құсым бар жаны жоқ, / Қанатының саны жоқ. / Кісіге өзі тым жақын, / Сөйлесуге дамыл жоқ.
- Көзге түртсең, сөйлейді, / Көзім ауырды демейді. / Сұрауға жауап береді, / Адамға осы керегі.
- Шыр-шыр етеді, / Құлағыңнан өтеді. / Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.
- Бір жәшік төрт бұрышты сырғасы бар, / Көтерсең сырғасынан, даусы шығар. / Қанша алыс болсаң дағы екі сырға, / Есітіп бір-біріне жақын қылар.
- Бір нәрсе доп-домалақ ақылы зерек, / Қолына ұстағаны ағал терек. / Беліне орағаны мәсен белбеу, / Ауыздан шыққан сөзді білер зерек.
- Бір бұлбұл отырады салып әнді, / Жүруге аяғы жоқ, емес жанды. / Өнері қандай асқан деп ойлаймын, / Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.
- Адам емес, тілі бар, / Әрбір үйден табылар. / Үй емес жалғыз тұрағы, / Көшеде де тұрады.
- Ай болмас айдан айға ауыспаған, / Ақылын пенде біліп тауыспаған. / Дүниеде өзі жансыз, ғажап екен, / Адамзат тиіп кетсе, дауыстаған.
- Есіксіз үй кішкене, / Әңгіме айтар кей шақта. / Жан адам жоқ ішінде, / Ән де салады кей уақытта.
- Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде, / Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде. / Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды, / Мәделі тығулы тұр кеудесінде.
- Сөйлейді жан жоқ кеудесінде, / Қызықты мағына бар кеңесінде. / Суретін шежіре етіп тартып берер, / Болғанын қанды майдан егесінде.
- Қараңғы тамның ішінде, / Ақ төсектің үстінде. / Бір-бір жарым сағат ішінде, / Бір адамның тағдыры шешіледі.
- Ән салады чемодан, / Ішінде тұр көп адам. / Естімейді сөзіңді, / Сөйлесең де сен оған.
- Бүп-бүккіш күміс құйрық, серке санды, / Ой желке жалпақ маңдай, жібек жалды. / Бекініп жар астында жатқан жауға, / Барды да кешікпей-ақ найза салды. / Суарып анда-санда шалдырмады, / Білмейді қысы-жазы арығанды.
- Жайма жалды, серке санды, / Ұстағанда құйрығын түріп алады.
- Ғажайып кемпір көрдім жалғыз аяқ, / Аузына тістегені жалғыз таяқ. / Табаны жалтыр мұздан бір таймайды, / Зырлайды күні-түні аянбай-ақ.
- Бар екен бір жеңешем қап-қара тас, / Жемейді, ішпейді де, болмайды мас. / Халықтың бәрін тегіс киіндіріп, / Дүниеден өткен өзі жалаңаш.
- Күміс құйрық, жібек жалды, / Ой желке, қамыс құлақ, серке санды. / Әрі бері жауменен шапқыласып, / Бәрін де қырып-жойып басып алды.
- Базардан келген бір тайлақ, / Басын қойдым байлап. / Байласам да тұрмады, / Ор текеше ойнап.
- Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды, / Иесі мәпелейді жануарды. / Суарып анда-санда бір шалдырса, / Білмейді қысы-жазы арығанды.
- Шұбар ала қызым бар, / Тұмсығында бізі бар. / Келіп кетер тоқтамай, / Артынан түскен ізі бар.
- Тамыр-тамыр тамаша, / Тұрған бойы аласа. / Дүниенің жүгін бітіреді, / Адамға барып жанаса.
- Бір нәрсе қатпар қарын гүрілдеген, / Ішінде қуаты бар көрінбеген. / Адамзаттың қолында ықтияры, / Жұмыстан өзі ешбір ерінбеген.
- Жел жұтады бүйірінен, / Қақалуды білмейді. / Құлағынан май құйса, / Сықылдайды, күледі. / Төбесінен жарқылдап, / Жалындатып күйрейді. / Бәсеңдесе жалыны, / Инеменен түйрейді.
- Жапанда біткен көп ағаш, / Көгермейтін қу ағаш, / Асты топырақ, үсті тас, / Бір бұтағына қарасаң, / Петербормен шамалас. / Бір бұтағына қарасаң, / Бұқарамен аралас. / Жаны жоқ десең, жырламас, / Жаны жоқ деп біреуін, / Қылышпен ұрсаң, қанамас. / Екі басында екі адам / Дүние сөзімен хабарлас.
- Қатар-қатар қоздаған, / Бірінен-бірі озбаған. / Ботасы өлген інгендей, / Аңырап тұрып боздаған.
- Қаз-қатар қатарынан бір озбайды, / Аяғын анда-санда бір қозғайды. / Бозінген желіп кетсе, желден жүйрік, / Жоқ оның ботақаны құр боздайды.
- Алыстан хабар алған, / Айтқан сөз жазылған.
- Білмеймін аяқтарын неше мыңнан, / Бір нәрсе арқасында жалғыз қылдан. / Өзінің иелері әмір қылса, / Жер жүзін бір сағатта сайран қылған.
- Бір жылан жердің жүзін орап жатқан, / Сұрасаң, сөз айтады бір тараптан. / Ау, жаным, тапқын мұны көп ойламай, / Шығады деп айтып тұрмын көңіл шаттан.
- Сайда тұрған қу ағаш / Тармақтарын бұрасаң, / Жер шарымен шамалас.
- Қатар-қатар жігіттер, / Қарасаң қайда, міне, бар. / Бір-біріне ұштасқан, / Арасында қылы бар. / Ешбір тамақ ішпейді, / Қолдарында шыны бар.
- Түйесі қатар-қатар бір озбайды, / Ішінде ботасы жоқ құр боздайды, / «Шөк» деп қап бұйдасынан сілкіп қалсаң, / Не түрлі жаңалықтан сөз қозғайды.
- Қатар, қатар, қаздай-ды, / Нар түйеше боздайды.
- Ойласам, дүние жүзі дөп-дөңгелек, / Бір нәрсе басбармақтай болса керек. / Жалғыз-ақ басқан жерде ізі қалар, / Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.
- Аппас жұмбақ, / Адам басын таппас жұмбақ, / Қыз тілесе, бермес жұмбақ, / Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
- Бір үйде жиырма бас адам тұрар, / Керек болса оларды халық сұрар. / Ашылғанда есігі сол адамның, / Будақ-будақ есіктен бұлар шығар.
- Қырдан қырайман көрдім, / Судан Сүлеймен көрдім. / Қайырылып тұрған тас көрдім, / Тұзсыз піскен ас көрдім.
- Ал, кемпірім, жатайық, / Домалақты басайық. / Жүнмен жүнді тигізіп, / Шырт ұйқыға батайық.
- Ошақтай жерге күн түспес.
- Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым, / Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым. / Қызарып сол бояудан шыққан таяқ, / Ұрғанда созылады, қайран қалдым.
- Ары кез, бері кез, / Бойы бір кез, / Шақырса, келмес, / Жаяу жүрмес.
- Кішкене ғана мүсірет, / Таудан отын түсірет.
- Төрде мысық жатыр, / Құйрығын қысып жатыр.
- Маңдайында есігі бар, / Ішінде есебі бар, / Судан суаты бар, / Күлден қуаты бар.
- Зейнетті көркем сұлу сондай биік, / Бар мақұлық жанды, жансыз алған жиып. / Тарихтан бұрын өткен хабар бермек, / Адамзат жақсы көрген көңлі сүйіп.
- Қолымда бір айна бар дөп-дөңгелек, / Адасқанға жөн сілтеп, берер дерек. / Екі тісті тілімен төрт бағытты / Керек десең болғаны, тауып берет.
- Жанады жалын түтінсіз, / Жатады жайнап қызыл шоқ.
- Қарайтып салдым, / Қызартып алдым.
- Қараңғы үйге / Қақпан құрдым.
- Бар еді бір жұмбағым ойлап қойған, / Үйірі қырық айғырдың байлап қойған. / Ішінде құлын, тайға көз жетпейді, / Сүтіне ауыл тұрмақ, аймақ тойған.
- Бар екен жапан түзде бір қу қайың, / Жапырақ тұрды-тұрды біткен дайын. / Көрікті бой түзеген жас арудай, / Тұрады күлімсіреп көрген сайын.
- Батпандап кіреді, / Мысқылдап шығады.
- Мосыға желек жапқан, / Іздегенін дәл тапқан.