Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әртүрлі жұмбақтар

Әртүрлі жұмбақтар — 20 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар.

  1. Ойласам, дүние жүзі дөп-дөңгелек, / Бір нәрсе басбармақтай болса керек. / Жалғыз-ақ басқан жерде ізі қалар, / Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.
  2. Аппас жұмбақ, / Адам басын таппас жұмбақ, / Қыз тілесе, бермес жұмбақ, / Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
  3. Бір үйде жиырма бас адам тұрар, / Керек болса оларды халық сұрар. / Ашылғанда есігі сол адамның, / Будақ-будақ есіктен бұлар шығар.
  4. Қырдан қырайман көрдім, / Судан Сүлеймен көрдім. / Қайырылып тұрған тас көрдім, / Тұзсыз піскен ас көрдім.
  5. Ал, кемпірім, жатайық, / Домалақты басайық. / Жүнмен жүнді тигізіп, / Шырт ұйқыға батайық.
  6. Ошақтай жерге күн түспес.
  7. Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым, / Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым. / Қызарып сол бояудан шыққан таяқ, / Ұрғанда созылады, қайран қалдым.
  8. Ары кез, бері кез, / Бойы бір кез, / Шақырса, келмес, / Жаяу жүрмес.
  9. Кішкене ғана мүсірет, / Таудан отын түсірет.
  10. Төрде мысық жатыр, / Құйрығын қысып жатыр.
  11. Маңдайында есігі бар, / Ішінде есебі бар, / Судан суаты бар, / Күлден қуаты бар.
  12. Зейнетті көркем сұлу сондай биік, / Бар мақұлық жанды, жансыз алған жиып. / Тарихтан бұрын өткен хабар бермек, / Адамзат жақсы көрген көңлі сүйіп.
  13. Қолымда бір айна бар дөп-дөңгелек, / Адасқанға жөн сілтеп, берер дерек. / Екі тісті тілімен төрт бағытты / Керек десең болғаны, тауып берет.
  14. Жанады жалын түтінсіз, / Жатады жайнап қызыл шоқ.
  15. Қарайтып салдым, / Қызартып алдым.
  16. Қараңғы үйге / Қақпан құрдым.
  17. Бар еді бір жұмбағым ойлап қойған, / Үйірі қырық айғырдың байлап қойған. / Ішінде құлын, тайға көз жетпейді, / Сүтіне ауыл тұрмақ, аймақ тойған.
  18. Бар екен жапан түзде бір қу қайың, / Жапырақ тұрды-тұрды біткен дайын. / Көрікті бой түзеген жас арудай, / Тұрады күлімсіреп көрген сайын.
  19. Батпандап кіреді, / Мысқылдап шығады.
  20. Мосыға желек жапқан, / Іздегенін дәл тапқан.

Ауыз әдебиеті