Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жануарлар, мақұлықтар туралы жұмбақтар

Жануарлар, мақұлықтар туралы жұмбақтар — 141 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 1-бет, барлығы 2 бет.

  1. Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын, / Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын. / Домалақ, алды-арты бірдей екен, / Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.
  2. Өзі сұр, бөрі емес, / Ұзын құлақты, қоян емес, / Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
  3. Жанды «сағат», / Айқай салады.
  4. Ол надыр құм жануары, / Көзі өткір, көңілі тар, / Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар. / Қара түгіл, ханда бар, / Қытайда бар, Қырымда бар, / Түркістан, Үрімде бар, / Хоразым, Бұхарада бар.
  5. От басында орайған, / Құйымшағы сорайған.
  6. Үй артында шоңқайма, / Буы шығып тұрмай ма? / Салпаң құлақ келед деп, / Қорқа-қорқа тұрмай ма?!
  7. Төрт аяқты мақұлық / Үй күзетеді ақырып. / Тындырғандай кей жерде / Жата кетер аһ ұрып.
  8. От басында құмған, / Екі көзін жұмған.
  9. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ, / Тоны бар, киерінде шапаны жоқ. / Пайдасы үй ішінен табылған соң, / Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.
  10. Шықпайды үйден, / Тоны жібектен. / Күндіз ұйықтайды, / Түнде дамыл таппайды. / Аңға барады, / Сол аңды үйден табады.
  11. От басында бүкір шал, / Құдайына шүкір шал.
  12. Түссе күннің шуағы / Көзді еріксіз жұмады. / Жылы жерді сүйеді, / Беті-қолын жуады.
  13. Аузы бейне шалғы орақ, / Шөп емес, бірақ мал орады.
  14. Бір күні елден, / Он күні жерден.
  15. Белестен шапқан бесті ат, / Бүкір келген желісті ат. / Бейғам елді іздейді, / Малдан күдер үзбейді.
  16. Тоғайда айғыр кісінейді, / Ауылға, сірә, келмейді.
  17. Жол бойында жортқан, / Сыбызғысын тартқан.
  18. Тоң мойынды жуан көк, / Желіп, жортып бүкеңдеп, / Несібесі даладан, / Еңбек қылмай жүрер тек.
  19. Тауда жүрген құмайды / Көрген адам сынайды. / Жыл айналып толғанда, / Он екі бұтақ болғанда, / Балта тимей құлайды.
  20. Түсі түйенікі, / Аяқ-басы сиырдікі. / Құйрығы ешкінікі, / Мүйізі ғана өзінікі.
  21. Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша, / Тыңдама жұмбағымды, ұнамаса. / Бойы бар бір құлаштан астамырақ, / Басында мүйізі бар оннан аса.
  22. Төбесінде қу бұтақ, / Алар ма еді, бір бұтап.
  23. Есек те емес, / Жылқы да емес. / Екеуінің ұқсастығы / Береді тұрқы елес.
  24. Пысқыратын не? / Ысқыратын не?
  25. Мақұлық бар екен даусы зор, / Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол. / Мекені тас бұлақтың төңірегінде, / Мынаны тапқан жанның ақылы мол.
  26. Биік ала бағана, / Жайылып жүр далада.
  27. Ыржияды, күледі, / Басқан ізді біледі. / Таусылмайтын шабысы, / Жұртқа мәлім жүрісі.
  28. Жақпар тастың астында / Қызыл тонды қыз жатыр.
  29. Жылқыны қарнына қыстырып, / Түйені ерніне қыстырып, / Есекті құлағына қыстырып, / Қасқырды ат қып мініп, / Айт дегенде жүре берген.
  30. Әңгелейді, дөңгелейді, / Ұшқан құстай, / Құс десем, төрт аяғы бар, / Елек-селек, екі құлағы бар.
  31. Жол үстінде қу қазық, / Мергеншіге жол азық.
  32. Бап, бап, бап екен, / Басқан ізім екен. / Құйрығында меңі бар, / Меңді қайда қоям екен.
  33. Түйе тістеген, / Итті мінген. / Ешкіні жетектеген, / Есекті басына көтерген.
  34. Жолсыз жүгіреді, / Адамнан күшті, / Тепсе, ізсіз, / Құлатса, елеусіз.
  35. Жусаннан аласа, бетегеден биік.
  36. Аппақ қардай тоны бар, / Күдірейген жануар.
  37. Тауға шықса, жүгірген, / Таудан түссе, сүрінген.
  38. Есек құйрықты, түйе ерінді, / Ит сирақты, бұғы құйрықты.
  39. Түйе тұмсық, ит табан, / Көзін жұмбай ұйықтаған.
  40. Ит мінген, / Есек өңгерген, / Ешкі бөктерген, / Келеді бір мақұлық түйе айдаған.
  41. Бір мақұлық сар даланы ен жайлаған, / Ит мініп, есек тіркеп, түйе айдаған. / Мұнымды, зерек болса, ойлап табар, / Тапқанша зерек емес жыл айналар.
  42. Қос құлағы тас төбеде ұзын-ақ, / Сыбдыр сезсе, жөнеп береді зымырап. / Қысты күні қалың қарлы кеуекте / Шөпті азық қып жатады біраз тыным ап.
  43. Байшағырдың түбінде балалап жатқан дуадақ.
  44. Ішінде бар жылқысы, / Сыртында бар құлпысы. / Табанымен ит басқан, / Әр нәрседен көп сасқан. / Ши түбінде жемі бар, / Бишараның бас бармақтай меңі бар, / Осыны тапсаң, жеңдің ал.
  45. Басы бар да шашы жоқ, / Көзі бар да қасы жоқ. / Жүретін аяғы жоқ, / Суықта тоңбайды, / Ыстыққа күймейді.
  46. Қанатты бір мақұлық ұшып жүрмес, / Өңгедей бұл жалғаннан дәурен сүрмес. / Ыстық пен жаздыгүні пәрмені жоқ, / Тоқсанда жаурадым деп үйге кірмес. / Бәрінде жердің жүзін өрт алғанмен / Құданың құдіретімен отқа күймес.
  47. Демсіз-үнсіз, / Жүрсе, үнсіз. / Басса, ізі жоқ, / Жүрсе, жолы жоқ.
  48. Жаны бар, қаны бар, / Бес сағат жерде тұрса, / Жаны да жоқ, қаны да жоқ.
  49. Суда өмір сүреді, / Сусыз жерде шөлдейді. / Абайсызда ұстасақ, / Кетемін деп көнбейді.
  50. Құдіреттің бір құсы, / Көкте десем, ізі жоқ, / Мекенінен шықса, өледі, / Оған қылар емі жоқ. / Құлағы жоқ, көзі бар, / Түсі суық ызғарлы, / Аузында айыр бізі бар.
  51. Тәнсіз, жансыз кім, / Қайда тұрады?
  52. Бір нәрсе жүре алмайды жерді басып, / Жерде жоқ бұйыратын оған нәсіп. / Тұрағын ол нәрсенің адам білмес, / Айтпаса түсіндіріп біреу ашық.
  53. Жел, жел, жел бием, / Желіндесе, кім білер. / Жау жапырақ түбінде, / Құлындаса, кім білер.
  54. Бір нәрсе қанаты жоқ ұшқан биік, / Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. / Арасын жер мен көктің өрт алса да, / Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
  55. Бар екен үш қанаты ұшып кетпес, / Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес. / Өзінің мекенінен шығып кетсе, / Тіршілік көремін деп үміт етпес.
  56. Өзі шұбар, / Тамағына таққаны— / Екі тұмар.
  57. Бар екен бір мақұлық дауысы зор, / Қолдары адамға ұқсас, нәсілі сол. / Үйлері тас бұлақтан жаратылған, / Тапқан адам алады бәйгіні мол.
  58. Ағараңдап аузын ашқан, / Соқыраңдап жерді басқан.
  59. Жапа-жапа жапалақ, / Дігірманға бақылдап.
  60. Тарпаң, тарпаң тарбиған, / Түрі жаман жарбиған.
  61. Сасық көлде ит үрер.
  62. Сұм жүзді, құралай көзді, / Киікше секірген, / Бура санды, жолбарыс тонды.
  63. Көл, өзен, дарияны жаны сүйген, / Жасынан қора салып, қамыс шиден. / Қаншама терең суды бойлағанда / Үстіне бір тамшы да су тимеген.
  64. Текшелеп тебен арттым томашаға, / Домалағы жазылар оңашада.
  65. Төрт аяқты, / Мың таяқты.
  66. Дегендей ешкім тимесін, / Алыпты қадап инесін.
  67. Алпыс кісі аяқтастың, / Ал таңертең таяқтастың. / Бәрін бір жерге жатқызып, / Кейде ұрысып алып қаштың.
  68. Шықпайды бір мақұлық қорасынан, / Түгінің ине өтпейді арасынан. / Тап мұндай мақұлықты көргенім жоқ, / Айрылар туа салып анасынан.
  69. Ұзамай аз жортад, / Жол жүруге шорқақ. / Үсті толған ине, / Кіріп кетер, тиме.
  70. Ағашты орманның түбінен табасың, / Ине шаншылған жөке деп қаласың.
  71. Инесі көп, / Тігуге икемі жоқ.
  72. Далада жабулы тоқпақ жатыр.
  73. Айтайын бір жұмбағым тұңғиықта, / Жаратқан барша жанға бір бұйрықты. / Болғанда қоян құлақ, қой құйрықты, / Болғанда мысық аяқ, түлкі тұмсық, / Айнала тікенек, бір жүні қылшық.
  74. Бір түйем бар үстіне жантақ артқан, / Өзі сондай кетеген Құдай атқан.
  75. Бір мақұлық бар еді жүрген саяқ, / Кеудесіне қарасам, мүштімдей-ақ. / Түрін байқап қара да, ет тамаша, / Үстінде көтеріп тұр бір мың таяқ.
  76. Жәндік көрдім аласа, / Түрі басқа тамаша, / Ешбір жанға қосылмас, / Жүреді өзі оңаша. / Бірі бата алмайды / Қасқыр, аю, жолбарыс, / Ортаға алып қамаса.
  77. Жер астында жездем қамшысы жатыр.
  78. Ұзын-ұзын, ұзын келер, / Ұзын бойлы қыз келер, / Қабақтары қалтырап, / Маңдайлары жалтырап.
  79. Аяғы жоқ, қолы жоқ, / Жүріп кетсе, жолы жоқ, / Үстіне біткен жүні жоқ, / Сыйдырып қойған таспадай, / Сипаласаң, міні жоқ.
  80. Аттап болмас алтын қазық, / Ұстап болмас темір қазық.
  81. Жылт-жылт еткен, / Жылға сайын өткен, / Бар адам безген.
  82. Ізі бар, / Адымы жоқ.
  83. Төсек астында шылғи қайыс.
  84. Жапырақ астында қара пышақ.
  85. Жол үстінде майлы қайыс.
  86. Шөп арасында ұзын қамыс.
  87. Ши түбінде шығыршық.
  88. Айтайын бір жұмбақты сізге батыр, / Өзінің асты кеуек, үсті жалтыр. / Қазандай қара тастың бауырында, / Бір сүйір адам таппас зәрлі жатыр.
  89. Шел басқан шыбық, / Кетті құмға сіңіп.
  90. Дүниеде бір найза бар сапталмаған, / Мүлкім деп ешбір адам сақтамаған. / Бұрынғы өтіп кеткен қариялар / Найзаның тиген жерін мақтамаған.
  91. Айыр-айыр тілі бар, / Шұбар ала түрі бар, / Бәр жәндіктің ішінде / Қауіптісі сол, біліп ал.
  92. Жап-жалаңаш мақұлық, / Адам көрер түрі жоқ. / Тиіп кетсе, қақсатар, / Қабырғада міні жоқ.
  93. Жоқ екен бір құйрықтан басқа қару, / Ешқандай кәсіп етпес, пайда табу. / Өзіне жастан болған әдет екен, / Мақұлыққа жақындасқан найза салу.
  94. Орманнан шығар, / Сырты шұбар. / Ала түрлі, / Кілтең сырлы.
  95. Кемпір – тіссіз, / Жүрсе – ізсіз, / Тисең – зиянды, / Өлтірсең – қиянды.
  96. Иір-иір ізі бар.
  97. Дүнияда кірпіксіз жан не болады?
  98. Ши түбінде шұбар кездік.
  99. Жау келсе, қатты сасады, / Құйрығын тастай қашады.
  100. Сауыттан мықты шапаны, / Жиырылып кейде жатады.

Ауыз әдебиеті