Көрінеді бір бәйтерек басы сыңар,
Сүйкімді адамзатқа ол бір шынар.
Дағ түбінен басынан жеткенінше,
Жүз бұтақ, мың екі жүз ұясы бар.
Төрт басқыштың бұтағы қырық тоғыз,
Мәуесі иіліп, жерге балы тамар.
Бес басып, шыққасын алтыншыға,
Жылымшып аппақ болып жауады қар.
Жеті бұтақ басқанда, жер жарылып,
Жайы қамап болмаса жан қиналар.
Сегізін тамам қылып басқан жанның
Артында тоқсан жеті бұтақ қалар,
Үш бұтақтан сақтанса, соған келіп,
Ұясы мың екі жүз тамам болар.
Шешуін көру
Шешуі: Адамның бір жастан жүз жасқа дейінгі мүшел жастары
Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар
- Көтеріліп қампияр қиыстырсаң…
- Бір минутта дүнияны аралайды…
- Даладай кең…
- Алты аяқты, төрт көзді…
- Арқасы екеу…
- Бір адам көрдім…
- Айтайын мен жұмбақ ақыл ойлап…
- Қарт басқан қара на�…
- Күніне бір өліп, бір тіріледі…
- Көз көрмей қоймайды екен тірі адам…
- Құдайдан басқа адамның баршасы да теп-тегіс…
- Бар болса – жоғым де�…