Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жер, табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар

Жер, табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар — 152 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 1-бет, барлығы 2 бет.

  1. Сатайын десем ауыр кілем, / Сатпайын десем тәуір кілем.
  2. Өлшеусіз піштім, / Жіпсіз тіктім.
  3. Зер, зер кілем, зер кілем, / Көтерейін десем зор кілем.
  4. Қағар, қағар, қағар кілем, / Қағайын десе ауыр кілем.
  5. Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, / Қимылдар сол кісіден елдің тісі. / Талқандап беті, жүзін тырнасаң да, / Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі.
  6. Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын, / Жақсылық қып аямас сенен асын. / Күні-түні сонда да тепкілейсің, / Айтпайсың оған тәңір жарылқасын.
  7. Жаһанда бір алыпты көрдім күшті, / Барлық салмақ дүниеде соған түсті. / Қандайын дүниеде барлық жеміс, / Солардың атырабында құрап пісті.
  8. Көк жүнді бір өгіз бар еті қара, / Тілгіле өне бойын етіп пара. / Етін жеп жатсам дағы майын сорып, / Болмайды өлмек түгіл титтей жара.
  9. Көкторғын көрдім мен / Көп асыл қадаған. / Адам жоқ өмірде / Асылын санаған.
  10. Бір зат бар дүниеде құшағы кең, / Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. / Адамзат, жан-жануар арасында / Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
  11. Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың, / Ары жүрсең, қайтып келесің.
  12. Жайы-жайы, жай кілем, / Жайылып жатқан бір кілем, / Түр-түр кілем, / Төгіліп жатқан кір кілем.
  13. Аждаһа жерден шығып көкке өрлер, / Қысылып өзгелерден бұрын терлер. / Түрі бар аждаһаның неше түрлі, / Алады қолы жеткен мініскерлер.
  14. Аспаннан күбі түсті, / Күбінің түбі түсті.
  15. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, / Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. / Күніне талай жерге кетер кезіп, / Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
  16. Себелеп інжу шашады, / Сергітіп көңіл ашады.
  17. Алдымда әр түрінен жібек жіптің, / Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.
  18. Көзі жасты, / Тұра қашты.
  19. Аспанда бір нәрсе бар жылмаңдайды, / Тау басында жүгіріп қылмаңдайды. / Жанына жан иесі жақын келсе, / Бақырып бас салудан тайынбайды.
  20. Аспанға ұшар бу болып, / Жерге қайтар су болып.
  21. Тоңғақты таниды, / Беті қолын қариды.
  22. Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ, / Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ, / Тоқтамай қысы-жазы жүре берер, / Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.
  23. Ауыл сыртында сайда, / Жатыр үлкен айна.
  24. Кетпейді қасымнан / Сипайды шашымнан. / Желпиді, өбеді, / Бетіме төнеді. / Емес ол жырақта / Көрінбес бірақ та.
  25. Қыста ғана болады, / Ұстасаң қолың тоңады.
  26. Есіктен кірді еңкейіп, / Төрге шықты қампайып.
  27. Өнері жоқ, қолы жоқ, / Сурет салуды біледі.
  28. Қыс жатады, жаз тұрады, / Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.
  29. Төгілген жерге ақ моншақ, / Ғайып болды сол шақта-ақ.
  30. Ақ сиыр тұрып кетер, / Қара сиыр жатып қалар.
  31. Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ, / Жаз көркі, көк шәлідей шымылдық боп.
  32. Ұзын кілемім бар, / Көтеріп ала алмаймын. / Ұзын арқаным бар, / Оны жиып ала алмаймын.
  33. Үлкен, үлкен түйені / Тастапты атам шөгеріп. / Өркеші бұлтқа тиеді, / Бауыры жатыр көгеріп.
  34. Өркешіне мұз артқан, / Шудасынан су аққан, / Мынау неткен қара нар, / Күншіліктен мұратқан?
  35. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін / Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
  36. Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ, / Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ. / Тоқтамай қысы-жазы кезе берер, / Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
  37. Күлің, күлің, күлің ат, / Күліп өтті, көрдің бе? / Көлеңкесін көрсетпей / Жүріп өтті, көрдің бе?
  38. Дедектейді, зырлайды, / Артқа мойын бұрмайды.
  39. Шыққанда шығыны жоқ, / Жауса жауын бүйірі тоқ, / Қыста жылтыр қақ болар, / Түртінектеп тынымы жоқ.
  40. Бар-бар, атым бар, / Жүйрік қана затым бар. / Жылқыға ұқсап кісінемес, / Қолға ұстасам, тістемес.
  41. Бір шұқырда көп шұқыр, / Іштен түртіп көп шұқыр.
  42. Ақ боз атым арынды, / Ақ көйлекке малынды, / Таудан тасты атқылап, / Таудан түсті шапқылап.
  43. Жылт-жылт еткен, / Жырадан өткен.
  44. Ұзын-ұзын ұз келеді, / Ұзын бойлы қыз келеді. / Қасы қалтырап, / Көзі жалтырап.
  45. Қара атым қалтырауық, / Қабырғасы жалтырауық.
  46. Бір жылан жол салыпты әрбір сайға, / Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.
  47. Бар-бар, бар атым, / Бар бойынша жорға атым. / Ажырақ көрсең, тістеме, / Байтал көрсең, кісінеме.
  48. Аяғы жоқ жүреді, / Сылқ-сылқ күледі.
  49. Қасқанасы қылтылдап, / Көз қарасы жылтылдап. / Ұзын-ұзын ұз келер, / Ұзын бойлы қыз келер.
  50. Бар екен бір мақұлық өзі жансыз, / Келеді кей жері әлді, кей жері әлсіз. / Кеудесі жерден шығып, жерге кірген, / Шешуін мұның біраз ойланарсыз.
  51. Базардан әкелген бұлымыз, / Жон терісін тіліңіз. / Еті арам, сорпасы адал, / Мұны не деп біліңіз.
  52. Қайда қазған, / Тағдырда жазған, / Барлық жұртқа бір ана.
  53. Отқа жанбас, / Суға батпас.
  54. Суда жаралады, / Суда жоғалады.
  55. Отқа күймейді, / Суға шөкпейді.
  56. Адам тимей қағанағым жарылды.
  57. Қыста өседі ақ сәбіз / Төбесінде үйлердің. / Дәнегі жоқ шақсаңыз, / Соның үшін тимедім.
  58. Арқалық салмай үй жаптым, / Суықта жылжымай жаттым.
  59. Қарағайсыз, тақтасыз, / Көпір салдым балтасыз.
  60. Шешесі-су да, әкесі-суық, / Көктемде өлер, күз күні туып.
  61. Төмен қарап өседі, / Күн жылына өшеді.
  62. Қыстыгүні аппақ, / Жаздыгүні сұп-сұйық.
  63. Ақ қойым тұрып кетті, / Қара қойым жатып қалды.
  64. Қыста бар да, жазда жоқ, / Ол көп болса, көңіл тоқ.
  65. Мамықтай ұлпа, / Қанттай ақ. / Қыста жер бетін басады, / Жазда сайға қашады.
  66. Жер жиһанға ұн шаштым.
  67. Жерге қонған аспаннан көп көбелек, / Жазда іздесем, бірі де жоқ көбелек.
  68. Бір көрпем болушы еді ақ бәтестен, / Кім екен ыстық қолмен оны сөккен. / Төсекке көк пүліштен кілем салып, / Ғайып боп кетті өзі жер мен көктен.
  69. Аппақ етіп айналаны, / Ақ көбелек айналды, / Әбден қонып болған соң, / Жер әлемде жайланды.
  70. Ақ жібек асыл көрпедей, / Қыс болса жерді жабады. / Жазғытұрым болғанда, / Су болып сайға ағады.
  71. Батырмай жерге қонады, / Жердің беті оңады. / Қыста ғана тұрады, / Ұстасаң, қолың тоңады.
  72. Бір түйем жүре алмайды майы көптен, / Ол түйем тойынбайды жеген шөптен. / Егер де осы түйем өліп қалса, / Сүйегі табылмайды жер мен көктен.
  73. Бөркін ағай киеді ошырайтып.
  74. Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал, / Малының қисабы жоқ безбенге сал. / Сүйегі көкте де емес, жерде де емес, / Жігіттер, көңіл қойып, ойлаңыздар.
  75. Ақ шапанын үстінен / Алты ай бойы шешпеді. / Қара шапаны үстінен / Алты ай бойы түспейді.
  76. Жездекем жезді қамшысымен жер шұқылайды.
  77. Тама-тама тас тескен.
  78. Мұрынсыз шымшық мұз теседі.
  79. Шолақ мылтық жер теседі.
  80. Жазда болмайды, / Қыста болады. / Терезеге қонады, / Әсем ою ояды.
  81. Құлағы мен көзі жоқ, / Жоқ тіпті қол мен аяғы. / Бірақ ғажап өнерпаз, / Мәнерлеп ою ояды.
  82. Мөлдіреген жүзімді, / Ұстап едім үзілді.
  83. Қолы жоқ, сурет салады, / Тісі жоқ, тістеп алады.
  84. Есіктен кірді еңкейіп, / Төрге шығады қампайып.
  85. Терісін жыртпай етін жеген, / Жілігін шақпай майын жеген.
  86. Қуып едім мойнын бұрмады, / Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
  87. Қанаты жоқ ұшады, / Аяғы жоқ желеді, / Аузы жоқ ұлиды.
  88. Қыс болса, қыр мен ойды аралайды, / Жаз болса, қозғалуға жарамайды.
  89. Ұстасаң, қолға ілінбес, / Қарасаң, көзге көрінбес. / Жүрсе, ізі жоқ, / Көретін көзі жоқ. / Гулесе, күші бар, / Таңғаларлық ісі бар.
  90. Қолтықтан кірер қоңқайып, / Төрге шығар томпайып.
  91. Қусам да жеткермеді, тұра қашты, / Барды да бұрыш қаптың аузын ашты.
  92. Жер түбінен боз жорға ат келеді.
  93. Ақ боз жорға, / Күн бұрын ойламасаң, / Кезігерсің көп сорға.
  94. Жол үстінде семіз тоқты, / Құйрығын көтере алмай жерге соқты.
  95. Шөміші жоқ, теңізді сапырады, / Кебісі жоқ, егінді жапырады.
  96. Жоқ аяғы, жоқ қолы / Жұрттың бәрін сілкілейтін көк долы.
  97. Қол-аяғы жоқ болса да, / Қақпа есікті аша алған.
  98. Жерде емес, аспанда емес, арасында, / Қол жетпес ұсынғанмен саласына. / Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік, / Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?
  99. Бар екен бір мақұлық боздайтұғын, / Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын. / Жаһанды жалпағынан басып өтіп, / Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.
  100. Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі, / Адамзат ол нәрсені көрмес көзі. / Жансызды қимылдатып жанды қылар, / Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.

Ауыз әдебиеті