Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Егіс және өсімдіктер туралы жұмбақтар

Егіс және өсімдіктер туралы жұмбақтар — 183 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 1-бет, барлығы 2 бет.

  1. Көктемде ақ гүлге оранады, / Күзде қолға доп болып оралады.
  2. Кішкентай ғана құтыша, / Іші толған мықша.
  3. Тәтті. / Тәттінің іші қатты, / Қаттының іші тәтті.
  4. Мезгілсіз піспейді. / Піспей түспейді, / Шыңнан құласа, / Шекесі іспейді.
  5. Өзі қызыл, / Бауырында бар, / Жалғыз сызық. / Бұған жұрттың, / Бәрі де ынтық.
  6. Алыстан көрсем ақ тас, / Жақыннан көрсем – дәмді ас.
  7. Жерде жатып желіндейді, / Күз түскенше желінбейді. / Үндеместен төлдеп жатыр, / Су беріңдер шөлдеп жатыр.
  8. Сырты жасыл, қап-қатты, / Іші қып-қызыл, тәп-тәтті.
  9. Көк лағым көгенде жатып семіреді.
  10. Сусыз піскен ас көрдім, / Домаланған бас көрдім.
  11. Бір тауық балапан басты жерге кіріп, / Баласын шығармақшы жерде жүріп. / Ол жерден мойнын созып балалады, / Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.
  12. Асты тақта, / Үсті тақта, / Ортасы жасыл мақта.
  13. Түскенде салқын күз, / Жинадық алтын тіс.
  14. Пошымы бар домалақ, / Көміп қойдым сығалап. / Жақсы болса тұрмысы, / Шығады екен қоғалап. / Бес ай тамам біткенде, / Қаптап алдым құмалақ.
  15. Үстіне тігіп көк шатыр, / Астында қызыл дәу жатыр.
  16. Жайлы, жұмсақ төсегім, / Домаланып өсемін. / Қабат-қабат тоным бар, / Қалай оны шешемін?
  17. Аласа тал, / Тамаша тал. / Самсап тұр алмасы, / Ол алқызыл, / Ол қанқызыл, / Болғанша алмашы.
  18. Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар, / Тәртіппенен тұратын өз әлінше сәні бар. / Керек болар кейін деп түйіп алған, / Азық қылар бір азырақ дәні бар.
  19. Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең, / Ондап-жүздеп аларсың, егер көрсең. / Еш уақытта еңбегің еш болмайды, / Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең.
  20. Біздің ел сұратады сегізіңді, / Бұғыдай мойны жуан семізіңді. / Алдынан алақанын төсеп алып, / Тартады тойғызам деп негізіңді.
  21. Ұстарамен алынбас, / Ұйысып тұрған қалың шаш.
  22. Қар астында қыстағаны, / Жасыл бөрік тыстағаны.
  23. Жасынан тәрбиелеп бала бақтым, / Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым. / Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам, / Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.
  24. Алтын аяқты, / Алтын десем – азығы жоқ, / Ол жоқ болса – алуы жоқ. / Дүние толған адамның / Баршасы да теп-тегіс, / Біріне-бірі қарауы жоқ.
  25. Желі басында бес бие, / Бесеуі де жас бие. / Құлындары құла ала, / Құлақтары сары ала.
  26. Аласа терек, / Алпыс бұтақ, / Бұтақ сайын ұя, / Ұя сайын жұмыртқа.
  27. Мысық мұртты, / Өрмек басты.
  28. Ұзын мұртты сарылар, / Қойнында наны бар.
  29. Екі жағы бүртік, / Ортасы сызық.
  30. Қызыл күріш тас боп түседі, / Ақ ұлпа қар боп шығады.
  31. Аласа ғана бойы бар, / Қойнына тыққан наны бар.
  32. Өзі қызық, / Бауырында бар / Жалғыз сызық, / Бұған жұрттың бәрі де ынтық.
  33. Пісер күнін сарылып, / Күтіп жүрдік сағынып. / Күз келгенде болыпты / Салиқалы сары мұрт.
  34. Біреуін бердім / Онын тердім.
  35. Бек тұрған, / Белін буып, / Тік тұрған.
  36. Бір ағашта қырық бұтақ, / Қырық бұтақта қырық ұя, / Қырық ұяда қырық жұмыртқа, / Қырық жұмыртқада қырық балапан.
  37. Қызыл күріш тас болып түседі, / Ақ ұлпа қар болып шығады.
  38. Табаны суды сүйеді, / Қабығы күнге күйеді.
  39. Бала, бала, балалар, / Мүйізінен су ішіп, / Таяғынан балалар.
  40. Бір бұтаның қырық ұясы бар, / Қырық ұяда қырық мұрасы бар.
  41. Мынау неге мұңаяды, / Бір жағына қыңыраяды. / Аузы-басын түк басып, / Тұмсығы неге қызарады.
  42. Пәре-пәре болды, / Басы айналып жара болды. / Бастарына жүн шығып, / Басымызға бәле болды.
  43. Бойы бір қарыс, / Сақалы екі қарыс.
  44. Жерден шығар көгеріп, / Беліне қылыш байланып.
  45. Қол басындай ағашта / Сансыз адам байлаулы, / Санасаң, саны бар, / Аяғында жаны бар.
  46. Мұнда тау, / Онда тау, / Ортасында көп шөп.
  47. Сары қызым көгенде тұрып семірген.
  48. Көк лағым көгенде тұрып семірген.
  49. Біреу-ақ анасы, / Мың шақты баласы.
  50. Соғым үшін сайлап қойдым, / Бордақылап байлап қойдым.
  51. Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ, / Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ. / Ішінде көп балапан етер мекен, / Ас қылып сойып жесең, балдай екен.
  52. Өзі аласа, семіз, майы жоқ, / Терісі қалың, жүні жоқ.
  53. Жерде жатып желіндейді, / Күзге дейін желінбейді. / Үндеместен төлдеп жатыр, / Су бермесең, шөлдеп жатыр.
  54. Көкала бешпет киеді, / Күннің көзін сүйеді.
  55. Ара-арасы ақпа тіл, / Арасынан тастап тіл.
  56. Қолымда сақинам бар алшығарай, / Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай. / Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады, / Сол жігітке тиемін мал шығармай.
  57. Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты, / Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті. / Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп, / Есепсіз ақты-қара бала тапты.
  58. Көктемде тұзақ құрғанмын, / Қолайлы деген қырға бір. / Тамызда барып жинадым, / Бір арба қызыл қырғауыл.
  59. Байлап қойдым қойымды, / Желіде жатып тойынды.
  60. Сусыз піскен ас көрдім, / Домаланған бас көрдім. / Бауыздасаң, қан орнына су ағар.
  61. Бір арқанда отыз қой байлаулы жатыр.
  62. Атасынан бұрын баласы базарға барады.
  63. Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан, / Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне, / Анасы туады екен баласынан.
  64. Ұзын-ұзын әулие, / Онан да ұзын әулие. / Тораңғылдың түбінде / Теңкиіп жатқан әулие.
  65. Атан түйе тұралап, / Аштан қатып қалған ба? / Бір-ақ уыс құмалақ / Шықты қарнын жарғанда.
  66. Кіп-кішкене қазан, / Іші толы тағам.
  67. Ояғы тау, бұяғы тау, / Ортасында бұжыр тау.
  68. Сырты тас, іші қуыс бөлек-бөлек, / Базардан оны сатып алса керек. / Алған жанға тағамдық пайдасы бар, / Шешіп бер, жұмбағымды болсаң зерек.
  69. Асты тас, үсті тас, / Шағып жесең, піскен ас.
  70. Алыстан қарасам, әңгір-күңгір, / Қасына келсем, қаптаулы темір, / Ашып қарасам, аппақ, / Жеп қарасам, тәп-тәтті.
  71. Кішкене қозымның асы дәмді.
  72. Қозыларым көгендеулі күн ұзын, / Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.
  73. Мәуе ішінде тас, / Тас ішінде ас.
  74. Ас, / Астың ішінде тас, / Тастың ішінде және ас.
  75. Бар еді бір жұмбағым аты бүрлен, / Шіркінді нәпсі қойып шешіндірген. / Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген, / Оны аламыз деп қылдық талап. / Алалмай бір қыдыру тұрдық қарап, / Отыз кісі жиылып алсақ қарап, / Нәрсесі ішіндегі доп-домалақ.
  76. Домалақ қана албар, / Ішінде қатты дәні бар.
  77. Кішкентай ғана құтша, / Іші толы мықша.
  78. Алма дерсің, түсіне қарап, / Жүгері дерсің, ішіне қарап, / Татсаң, тәтті, бал шәрбәтті.
  79. Қышқыл қызыл бытыра / Тығып алып ұртына. / Тымырайып тұрғаны, / Түк шығармай сыртына.
  80. Үлкендігі алмадай, / Сырты жанған қызыл от, / Ішін жарып қарасаң— / Майда, майда қызыл шоқ.
  81. Өзі қызыл, өзі қызық, / Ортасында бір сызық.
  82. Үстіне тігіп көк шатыр, / Астында қызғылт дәу жатыр.
  83. Жер бетінде селдір шаш, / Жер астында жұмыр бас.
  84. Үлпершекке қан құйып, / Үріп талға байладым.
  85. Қыналы бармақ, / Жез оймақ.
  86. Болған соң түсі қызыл, түсі шұбар, / Адамзат жеп көруге оны құмар. / Тегінде өне бойы болып тұрмас, / Біраз ғана боп тұрар уақтысы бар.
  87. Біз, біз, біз едік, / Біз де бір топ қыз едік. / Бізді бізіп қойды, / Бір жіпке тізіп қойды.
  88. Ирек-ирек әкесі бар, / Желбіреген шешесі бар, / Тәттібике деген қызы бар.
  89. Түрі шар сияқты, / Түсі қан сияқты, / Дәмі бал сияқты.
  90. Арбайған әкесі бар, / Тарбайған шешесі бар.
  91. Атасы бүкір қожа, / Анасы жайма шелпек. / Баласы шырын, шекер, / Бір сабақта ғұж-ғұж жентек.
  92. Бір анадан жүз бала, / Жүзі де боз бала.
  93. Бұты, бұты ұзын, / Бұтынан да қолы ұзын.
  94. Қыста – мазар, / Жазда – базар.
  95. Азар, азар кетті, / Әкесі мазар кетті, / Баласы базар кетті.
  96. Аспай піскен, / Қайнамай түскен.
  97. Отырған мекен етіп жапан дала, / Бір талай мақұлыққа болған ана. / Мезгілі жеткен шақта жүкті болып, / Алты айда табады екен сансыз бала.
  98. Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала, / Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. / Қойыпты ортасына қазық қағып, / Сүйкімді көреді екен бала-шаға.
  99. Әрі қызыл әрі тәтті, / Татқан жанды таңырқатты.
  100. Ортасында қазығы, / Бұтағында азығы.

Ауыз әдебиеті