Жәндіктер туралы жұмбақтар
Жәндіктер туралы жұмбақтар — 77 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар.
- Біреуге найза түйрейді, / Содан-ақ өзі күйрейді.
- Екі ұшы бұлдырақтай, / Ортасы қылдырықтай.
- Белең-белең, белең ат, / Белі бүкір күрең ат. / Таудан, тастан таймаған / Арам қатқыр керең ат.
- Ат басты, / Арқар мүйізді. / Бөрі кеуделі, / Бөкен санды.
- Бар екен бір мақұлық ұннан майда, / Өз басын айдайды екен қиын жайға. / Ұстасаң үгітіліп жоғалады, / Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
- Әуеден ақ-сары құс ән салады, / Келгенде шабытына жан алады. / Өзгеше қылығына қарап тұрсаң, / Дымы жоқ тақыр жерден нәр алады.
- Тоқыған ауы – шыбынның жауы.
- Ұзын-ұзын ұзардай, / Ұзыннан аққан сулардай. / Ағаш атқа мінгесіп, / Ұзартып қойған мұнардай.
- Кішкентай ғана түйме тас, / Атан түйе тарта алмас.
- Елек-елек тарым бар, / Көтере алсаң бәрін ал.
- Қарайып ұшқанымен қарға емес, / Ін қазғанмен түлкі емес. / Арқасында боқшасы, / Жинағанмен мүлкі емес.
- Бір мақұлық айдалада қорған салған, / Азапты, ажалдымен сонда барған. / Мен емес, бұл жұмысты айтып жүрген / Бұрынғы азамат ер содан қалған.
- Гүл ұшып гүлге қонады, / Гүл бақшам гүлге толады.
- Шидім, шидім, шидім құс, / Ши басына қонған құс. / Қарқаралы қара құс, / Хан басына қонған құс.
- Иісшіл – ит емес, / Ұшады – құс емес.
- Бар жұмысы ермегі. / Талмай қанат қағады. / Еңбекті хош көрмейді, / Жат ыдысты бағады.
- Қыс кезінде ұйықтап жатар, / Жаз мезгілі думан ашар.
- Қарабай аттан жығылды, / Халық соған жиылды.
- Аспанда ақ сары құс шу салады, / Жабысып тақыр жерден су алады. / Адамнан су алған тым өзгеше / Дуылдатып денеңе у салады.
- Өзім үшін сені ұрам, / Сен үшін өзімді ұрам. / Сен үшін өзімді ұрсам, / Ағады менің қаным, / Жарылады сенің қарның.
- Бір құс бар ұшып жүріп ән салады, / Әркімге қонақ болып бір барады. / Барлығы мақұлықтың ығыр болып, / Дауысын естігендер зар қағады.
- Аспанда қыран сары кісі алады, / Болғанда кешке жақын ән салады. / Құдайдың құдіретіне қарап тұрсаң, / Түтікпен тақыр жерден су алады.
- Бір ғажап төрт аяқты, құс қанатты, / Көреді күндік жерден адамзатты. / Қолында қылдан нәзік күрзісі бар, / Япырай, тиген жері тастан қатты.
- Ат басты, / Арқар мүйізді, / Бөрі кеуделі, / Бөкен санды, / Қос қанатты, / Құмырсқа ізді, / Бота тірсекті.
- Тайқы маңдайлы, / Сиыр мұрынды, / Балық сыртты, / Жылан бауырлы, / Есек сауырлы.
- Ит басты, / Қошқар мүйізді, / Борсық кеуделі, / Бөкен санды.
- Айдар ауызды, / Қоян құлақты, / Бөкен санды, / Қылыш құйрықты.
- Жаз бойы әндеткен, / Күз болған соң сән кеткен.
- Бір мақұлық бар қазық аяқ, / Қарғып-қарғып түседі тазыдай-ақ.
- Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда, / Қолында қылышы жоқ, екі найза. / Қарымды екі найза болғанменен / Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда.
- Біз жаздық аулым қонған текшесіне, / Етіктің жез қақтырдым өкшесіне. / Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар, / Бөренесін байлаған бөксесіне.
- Екі құйрық, / Алты сирақ.
- Ана таудың басында ұйыған қатық, / Ол қатықты көрмейді дәмін тартып, / Дәмін татқан қалады сеспей қатып.
- Бір мақұлық айдалада қорған салған, / Азапты ажалдымен соған барған. / Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген, / Бұрынғы азамат ер содан қалған.
- Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері, / Өзінің қалың тоғай жатқан жері. / Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер, / Жігіттің мұны табар кемеңгері.
- Қарайып ұшты қарғадай, / Бармаған жері қалмады-ай. / Жерге түсті, ін қазды, / Аяғымен тырмалай.
- Ұшқанда өлең айтады, / Қонғанда жер қазады. / Мұны да ойлап көріңіз, / Шешуін кім табады?
- Әуеде ұшып жүрген аэроплан емес, құс емес, / Арқасына байлағаны ірімшік емес, құрт емес. / Бауырға барып ін қазады, / Қасқыр емес, түлкі емес.
- Қарайып ұшқанменен қарға емес, / Ін қазғанменен түлкі емес. / Арқасындағы боқшасы / Жинағанмен мүлкі емес.
- Бір нәрсе алды биік, арты аласа, / Доп илер кешке дейін бір тамаша. / Мылтығын атайын деп оңтайланар, / Өзіне айтқан сыйы ұнамаса.
- Көрдің бе бір нәрсе тұр дөп-дөңгелек, / Аз тұрса, сол жерінде болады көк. / Жерінде бір күн тұрған үш күн тұрса, / Өзіндей кетеді екен үш есе боп.
- Кішкене ғана түйме тас, / Атан түйе тарта алмас.
- Аспаннан ұшып түсті жатқан тері, / Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.
- Бір нәрсе әлемде бойы тарбақ, / Ау салып жалғыз өзі тартар қармақ. / Өзінің адамзатқа зияны жоқ, / Табады ойлап-ойлап ердің ері.
- Ұзын-ұзын ұзардай, / Ұзыннан аққан сулардай. / Ағаш атқа мінгізіп, / Ұзартып қойған мұнардай.
- Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға, / Құрады жібек ауды оң мен солға. / Тартқанда машинасын оң мен солға, / Табады қаражатын сонда зорға.
- Дүниеде бір кемпір бар тіпті кәрі, / Жіп төгіп, өрмек құрып, тоқыр шәлі. / Алады айламенен ала бүркіт, / Табыңдар немене екен мұның мәні.
- Шидиген ұзын сирағы, / Тастай керең құлағы. / Сөйтіп жүріп көп жерге / Аспалы торлар құрады.
- Еңбекші үй ішінде мекендеген, / Сым арқан дүниеге жетер деген. / Қарқара қара құсша түрін жайып, / Дүниеден уайымсыз өтем деген.
- Арқасы домалақ, / Аяғы ұзын.
- Екі басы жұдырықтай, / Ортасы қылдырықтай.
- Қатар-қатар қара нар, / Аспанменен бара бар, / Алды биік, арты жар.
- Бір шаһар дөп-дөңгелек үлкен үйдей, / Ішінде кәрі-жасы бәрі бірдей. / Кәрісін де, жасын да әрқашан айырмасын, / Таңғалған қандай дерек мұны білмей.
- Құйрығы мен бастан белі бөлек, / Кете бере ағарғанды оңай сүйреп.
- Аттанған бір шаһарға қырық мың қосын, / Қолында өзі жаяу, несі болсын. / Қолында еш нәрсесі болмаса да, / Өзіне тауып алар несібесін.
- Белең-белең, белең ат, / Белі нәзік күрең ат. / Тауға мінсе, таймас ат, / Талау тисе, өлмес ат.
- Бейнетқор көпшілікте көрдім халық, / Күнінде бір отырмас дамыл алып, / Өзінен ауыр жүкті көтереді, / Үйінде жатып жейді рақаттанып.
- Бір балуан өзі күшті, қайраты мол, / Өзінен үлкен затты көтерер ол. / Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, / Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.
- Құздан құласа да, өлмес.
- Айдалада бір базар.
- Бір елеуіш жаным бар, / Көтере алсаң, бәрін ал.
- Тыру-тыру тырналар, / Тауға қарай жорғалар.
- Алпыс тісті айдаһар, / Ешқайда қадам баспайды. / Қозғамасаң, жатады, / Ештеңеден саспайды. / Ағаштан тамақ жейді екен, / Жұтпай шайнап тастайды.
- Бір нәрсе өзі нәзік тым-ақ сергек, / Қорқады бала-шаға, әйел, еркек, / Өзінің қаны адал, еті арам, / Мылтықсыз, я қылышсыз ұстайды ептеп.
- Біреуге найза түйрейді, / Өзі де содан күйрейді.
- Биік-биік тау болар, / Қаршығалар ұялар, / Еті арам болса да, сорпасы адал, / Ол не болар, балалар?
- Шатыраш-шатыраш тау болар, / Көгершіндер ұялар, / Сорпасы адал болса да, еті арам, / Ол не болар?
- Бір ұяда жүз бөлек үй.
- Көк төбеде көп болды, / Топырақ жалап тоймайды, / Несібесі неден жоқ болды. / Жетеу еді бедері, / Он төрт еді аяғы, / Балалықтан айтып жүрген / Жұмбақ еді баяғы.
- Домалақ таудың басында / Тоқты қошқар ойнайды.
- Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып, / Құтылмас, көзге түссе, жолдан қашып. / Бұл жерде оны табар еш адам жоқ, / Таппаса үлкен молда кітап ашып.
- Кішкене ғана мүнтек, / Жұртты жеген тентек.
- Кішкене ғана бойы бар, / Адам жейтін ойы бар.
- Өзі кішкене, өзі өткір, / Қайда барса, сөзі өткір, / Өзі батыр адамға күші жетеді.
- Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын, / Тікпесе өзі етік, сақтар бізін. / Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар, / Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.
- Жапырақ жеп сілекей шығарады, / Сілекей жасын шығарады.
- Бекінген бір тау теке тұшалау үйге, / Құдайым оны салды мұндай күйге. / Күн шықса, жатады салқын үйде, / Күн жауғанда кетеді жапан түзге.