Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 9-бет, барлығы 23 бет.
- Тоғай-тоғай топтаған, / Тоғай ішін боқтаған. / Біреуі өлсе, / Бәрі жиылып жоқтаған.
- Төртеу келеді, / Төртеу асылып тұрады, / Екеу жол көрсетеді, / Екеу иттен сақтайды, / Енді біреу артында асылып тұрады.
- Екі айнасы бар, / Екі найзасы бар, / Төрт жаптырмағы бар, / Бір шыбыртқысы бар.
- Дауысы – азанда, / Жақсылығы – қазанда.
- Екі отауға бір көсеу.
- Екі ошаққа бір көсеу.
- Қисық ағашқа қар жұқпас.
- Бүкір ағашқа қар жұқпас.
- Ел жатса да, енекем жатпайды.
- Ел жатса да екі батыр жатпайды.
- Қисық шағаға су жұқпас.
- Тырс-тырс тамады, / Бір шұңқырға ағады.
- Жол үстінде жылтыр жібек.
- Төсек астында төрт бауырсақ.
- Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
- Түйір-түйір төртеу, / Түймеменен бесеу. / Жалғыз тайы жалғыз, / Темір қазық екеу.
- Арқасы бар, аунамайды, / Аузы бар, күйсемейді.
- Кішкентай ғана бойы бар, / Айналдырып киген тоны бар.
- Төрт тағанды бойы бар, / Момындық дұрыс ойы бар. / Кербезденіп жүрмейді, / Айналдырған тоны бар.
- Екен, екен, екен жұмбақ, / Екі етегін түрген жұмбақ. / Қазалыға барған жұмбақ, / Қақтың суын ішкен жұмбақ.
- Баурындағы бұлағын ел ішеді. / Шабылады жотасынан пішені.
- Азанда кетер ләйлекен, / Кеште келер ләйлекен. / Түрлі-түрлі жібектен, / Түймесі бар ілгектен.
- Шапаным да, тоным да / Арқаның жүр жонында. / Атам соның соңында, / Таяғы бар қолында.
- Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа, / Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа. / Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап, / Қайтады қуанышпен бір уақытта.
- Ерте кетіп, кеш келе, / Тері тонды жануар. / Моншақ төгіп кетеді, / Жылтыраған суы бар.
- Ашылмаған сандықта, / Пішілмеген құндыз бар.
- Абылқайым айтқан жұмбақ, / Айналысып жатқан жұмбақ.
- Тоғай іші толған жұмбақ, / Ақын жігіт айтқан жұмбақ, / Шешен қатын шешкен жұмбақ.
- Абылай айтқан жұмбақ, / Тоғай толған жұмбақ, / Біреуін бірі өлтірді, / Ақылды кісі шешкен жұмбақ.
- Төрт аяқ ортасында бүгілі бар, / Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар. / Халінше сайманы ғой керек заты, / Көтерген екі дана құрығы бар. / Беретін жақынына жаны ашып, / Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.
- Қайырып басын тастаған, / Қайқайып қойды бастаған.
- Асты пышақ, үсті істік, / Өзіне лайықтап киім пішкен, / Секіріп-секіріп түскен.
- Төрт аяғы бар, / Басында екі таяғы бар, / Иегінде екі сақалы бар.
- Сақалы бар, / Санасы жоқ.
- Құйрығынан мүйізі ұзын.
- Бір шал бар ауылымызда барпылдаған, / Басында екі найза жарқылдаған. / Іш майын құмырадан аңқытып ап, / Кімді көрсе, артынан жалпылдаған. / Өзі кәрі болғанменен сылқым сері, / Ақ соқна белбеуі салпылдаған.
- Айтайын айт дегенде, ая батыр, / Болғанда асты гауһар, үсті шатыр. / Қазандай қара тастың дәл түбінде, / Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.
- Жол, жол, жол жатыр, / Жол айнала қол жатыр. / Тамақ қолдың ішінде, / Айдаһар жегір хан жатыр.
- Алтынын алып, / Әбдіресін лақтырдым.
- Он екі қысырағым бар: / Екеуі – жуан буаз, / Екеуі – күмән буаз, / Екеуі – анық буаз, / Екеуі – танық буаз, / Екеуі – жіңішке қысыр, / Екеуі – ат қысыр.
- Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, / Бес ешкі, бір жарым қоян.
- Түрлі-түрлі түр кілем, / Түр аласы бір кілем.
- Түйеде жоқ, ешкіде бар, / Доңызда жоқ, қоңызда бар.
- Алпыс екі мәуелі шынар ағаш, / Ағашқа біткен бұтақ жалғас-жалғас. / Және де екі тесік бір мешітте, / Қаланған кірпіші бар іргесінде. / Бір әйнек шыны да емес, темір де емес, / Жасауы сынып кетсе, қолдан келмес. / Жұмбағым тез ойланып тауып берші, / Сен дағы жігіт едің өзім теңдес.
- Бір «әліп» мұнарадай көзім көрген, / Екі «мәт», екі «сәкін» оған ерген. / Болғанда «иа»ден камал, нұрдан гауһар, / Болады кім данышпан мұны білген.
- Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, / Он екі жанында қаласы бар. / Бау-бақша түрлі өсімдіктер, / Барлығын билеп тұрған анасы бар.
- Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, / Он екі бұлағы бар шыр айналған. / Ісіне таң қаламын құдіреттің, / Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.
- Меккеде бір ағаш бар түбі жуан, / Он екі ұл, алпыс екі қызы бір күні туған.
- Бір таудың айналасы жеті тесік, / Құдайым ғайыбынан берген несіп. / Құдайының құдіретімен осы тауға / Тұрады мезгілімен шөптер өсіп.
- Қос әйнек шыны да емес, темір де емес, / Бұзылса, оны адам түзер емес. / Кезінде өзі ашылып, жабылады, / Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.
- Әрі жүрер қараша ат, / Бері жүрер қараша ат. / Су бойында тұнық су, / Таңдап ішер қараша ат.
- Жар қабақта екі бастау, / Жапсар тастың астында / Жасыл ала құс жатыр.
- Кішкене ғана тостаған / Жер дүниені бастаған.
- Көріп едім бір үлкен дарияны, / Барша қыз мекен етіп жатыр оны. / Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар, / Жарықтық жеті сарбас балалары.
- Кіп-кішкене қараша, / Тұрған жері тамаша. / Бір секундта жер-көкті / Алады шарлап қараса.
- Кішкене ғана бетерім, / Жер түбіне жетерім.
- Құстан ұшқыр, тездігі оқтан бетер, / Бес жүз жылқы аспанға оқтай жетер. / Ақылменен ойланып қарасаңыз, / Жылдамдыққа нәрсе жоқ онан өтер.
- Бір тауда жанады екі шырақ, / Бір жанады, бір өшеді.
- Ала арқаным жетпес жер жоқ.
- Кішкентай бір мақұлық торы ала, / Ағаштан атырабына соққан қала. / Ішінде сол қаланың өмірі өтер, / Сабыр қып сахараға шықпас жана, / Жаралған өзі ғана артық болып, / Болжайды әр нәрсені айтып шама.
- Екі бала қатар тұрса да, / Бірін-бірі көрмейді.
- Екі ағайынды, / Екеуі де бір үйде, / Бірін-бірі көрмейді.
- Көреді бәрін өзгенің, / Көрмейді бірақ өздерін.
- Ала тайынша шаң көтермейді.
- Ағайынды екеу болыпты, / Екеуі тату жүріпті. / Ортасында тау болып, / Бірін-бірі көрмепті, / Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.
- Көрші отырған көршілер / Бірін-бірі көрмейді. / Қара түнек қос үңгір / Діңгегі асу бермейді.
- Қара суда суат жоқ, / Қалың талда бұтақ жоқ.
- Сырты қылшық, / Іші былшық.
- Ары жүгір қара тай, / Бері жүгір қара тай. / Тал түбіне барғанда, / Тайып жығыл қара тай.
- Бір көлде екі түрлі сүт бар.
- Таудан тас құлады.
- Таудан тары домалайды, / Оны он екі қаз қуалайды.
- Бір таудың екі күзетшісі, / Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
- Жар басында қара бурам шөгіп жатыр.
- Қабақта қара бурам шөгіп жатыр, / Етектеп құмалағын төгіп жатыр.
- Тұнық суға ши ұстадым.
- Екі жар бірін-бірі шамалаған, / Тал шығып, жағасына сабалаған.
- Сәуле астында жүз кісі.
- Алпыс кісі аяқтасты, / Ертеменен таяқтасты.
- Күндіз шайқасады, / Түнде айқасады.
- Етке ет тиеді, / Жүнге жүн тиеді, / Әсіресе түнде тиеді.
- Дарияның інжу-маржан шеттерінде, / Не кітап, оқу жоқ беттерінде. / Қайың ба, қарағай ма, яки тал ма, / Тармасқан тоғай таудың бөктерінде.
- Бір тобықта жеті жыртық.
- Беткейде бес есік.
- Ағады тау басынан сегіз бұлақ, / Төртеуі ащы, үшеуі тәтті тым-ақ. / Ащы да емес, төртеуі күшті де емес, / Екі жапырақ өспейді тіпті бірақ.
- Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас, / Адамның ол нәрсесіз күні болмас. / Жіберсе қарап қалар жердің бәрі, / Кішкене болса дағы, кемдік қылмас.
- Бір сарай, бір миыммен тазаланған, / Екі серік бір досы бар қасына алған. / Болғанда еден гауһар, желден самал, / Жер жүзі сайран болған жалғыз талмен.
- Абайлап жүргін алдында, / Аңқайған ұра тұрыпты. / Ол ұраның ішінде / Гауһардан қора тұрыпты. / Ол қораның ішінде / Ақылды дана тұрыпты. / Ол дананың түбінде / Білімді бала тұрыпты. / Асты менен үстінде / Балаға пана тұрыпты. / Барлығына пана болып, / Ата менен ана болып, / Қаулаған сора тұрыпты.
- Бір ұраның аузында / Бір бау сора.
- Бір төбеде үш бастау, / Біреуінің суы – тәтті, / Біреуінің суы – ащы, / Біреуінің суы – сор.
- Айтайын мен бір жұмбақ ая батыр, / Болғанда асты гауһар, үсті шатыр. / Қазандай қара тастың сол түбінде, / Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.
- Бір отаудың ішінде отыз бөрі, / Бар жалғыз қызметкері өте епті. / Он жігіт алып барып тастағанда, / Отаудың бүлкілдейді екі жері.
- Мен жұмбақ айтайын табасын ба, / Айналып ақ қаланы шабасын ба?
- Қыдыр ата тас қойдым, / Қызыл өгізді бос қойдым.
- Екі тақта арасында / Қимылдайды қызыл тақта.
- Жағалай-жағалай тас қойдым, / Жирен атты бос қойдым.
- Үнемі ауызда бұлтыңдайды, / Бірақ жұтылмайды.
- Қатар-қатар ақ күріш, / Тұрған жері қақтығыс.
- Айдын көлде алтын тас, / Ау салса да, алынбас.
- Тамға таяқ сүйедім, / Отыз жерден сыр-сырлап.