Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Киім-кешек туралы жұмбақтар

Киім-кешек туралы жұмбақтар — 49 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар.

  1. Тұла бойы тыста, / Екі құлағы іште.
  2. Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала, / Сипаты бек асып тұр, көрсең, жаңа. / Ішінде шығар жері қиын екен, / Егер де қолға түссе, болар пана.
  3. Бір нәрсе менен биік, / Кейде менен аласа. / Мұндай қызық дүниеде, / Көріп пе едің тамаша.
  4. Атамдікі – шошақ, / Апамдікі – жалпақ.
  5. Төрттен қосқан басы бар, / Маңдайында шашы бар. / Өзің көрген баяғы, / Салпылдайды сабағы.
  6. Дөп-дөңгелек басы бар, / Маңдайында шашы бар. / Өзің көрген баяғы, / Сапылдайды сабағы.
  7. Ашамайды арта салдым, / Айыл жібін тарта салдым.
  8. Жансызға бітеді екен құйрық қанат, / Адамнан қалмаймын деп етер талап. / Ішінде қанатының екі жіп бар, / Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
  9. Үшеуі салпы, / Бірі таңқы.
  10. Алды ұзын, арты қысқа, / Беттері өзіне сай әрбір тұста, / Суықта да, жылыда да пана болар, / Таппасаң, басыңдағыны қолыңа ұста.
  11. Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат, / Адамнан қалмаймын деп қылдым талап. / Ішінде қанатының екі жіп бар, / Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
  12. Керегесі тыртық, уығы қысқа, / Керек болған үй екен біздің тұсқа. / Отарға мал айдасам, жолға шықсам, / Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.
  13. Шылдыр-шылдыр жүгенім, / Сұлу қара құнаным. / Көлеңкесі көсіктей, / Ауырлығы асықтай.
  14. Сылдыр-сылдыр кісенім, / Сылдырлайды кісенім, / Құлағында құлпы жоқ, / Құдіретті кісенім.
  15. Сұлу-сұлу құнаным, / Сылдырлаған жүгенім, / Аяз күнде мінбеген, / Аяғы жерге тимеген.
  16. Құйын, құйындікі түйін.
  17. Биік таудың басында қара лашық, / Түңлік жабық болғанмен есік ашық, / Қайда жүрсең қажетің соған түсіп, / Құтылмассың керексіз деп одан қашып.
  18. Бір жануар бар екен өзі сұсты, / Себеппен ортасында сызық түсті. / Бір жігітті тұрады буындырып, / Дүниеде көрмедім ондай күшті.
  19. Жайсам, жамшыдай, / Жапсам, қамшыдай.
  20. Күрке ғой көрсең алыстан, / Астында адам қорғалар. / Ұстасаң бір тал қамыстан, / Төбеден суы сорғалар.
  21. Япырмай, отау көрдім есігі жоқ, / Өзінің күн түсетін тесігі жоқ. / Көтерген шаңырақты жалғыз бақан, / Уығының байлауы бар, шешуі жоқ.
  22. Талтаймашқа мен талтайдым, / Талтаймаш маған талтайды.
  23. Таңертең тұрдым, / Айырыма міндім.
  24. Күндіз толады, / Түнде солады.
  25. Азанда тұрдым, / Екі сайды қудым.
  26. Ерте тұрдым, / Екі айыр жолға түстім.
  27. Тұла бойы тыста, / Екі қолы іште.
  28. Қара үй, / Қара үйдің ішінде ақ үй, / Ақ үйдің ішінде бес бала, / Бесеуінің қолында бес айна.
  29. Үлкен үй, / Үлкен үйдің ішінде кіші үй, / Қоян сүйегі.
  30. Барады, барады, / Аузын ашып қалады.
  31. Аузы аңқайып қалады, / Босағада тұрады.
  32. Сырты қара, іші қызыл, / Сұғып алсаң, жып-жылы.
  33. Шалқасынан салдым, / Малып-малып алдым.
  34. Ерте тұрдым, керек қылдым, / Қажетімді өтеп алып, / Босағаға тастадым.
  35. Он екі тесігі бар, жалғыз тілі, / Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні. / Көтерер адамзатты қиналмай-ақ, / Жоқ екен күштілікке ешбір кемі. / Сап алар аузын буып қапшығына, / Өзінде дайын екен арқан жібі.
  36. Ағайынды төрт кісі / Бір қалпақты киеді. / Төрт кісіні төрт жерден / Төрт ғашығы сүйеді.
  37. Күні бойы сен оны / Екі аяқтап аласың. / Жатар кезде өзіңнен / Аулақтатып қашасың.
  38. Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар, / Жігітке пайда болар бір жайы бар.
  39. Бес ін, / Бес іннің аузы бір ін.
  40. Көсеуді бесеуге сұқтым.
  41. Жүндіге жүнсіз кіреді.
  42. Дөңгелек айналасы, төртеу көзі, / Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. / Нәрсені қашық тұрған жақындатып, / Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
  43. Жырығыңа жұмалағым.
  44. Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді.
  45. Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек, / Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек. / Бөлмесіне көп түлік еркін сияр, / Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.
  46. Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды, / Аузында екі тісі жылтылдайды. / Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ, / Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.
  47. Кірт етіп кіріп кетті, / Сырт етіп шығып кетті.
  48. Өздігінен бата алмас, / Адам өмірімен қатарлас. / Ол болмаса пендеңіз, / Тіршілік өмір жасамас.
  49. Артында құйрығы бар, / Төреден бұйрығы бар.

Ауыз әдебиеті