Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төрт түлік туралы жұмбақтар

Төрт түлік туралы жұмбақтар — 124 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 1-бет, барлығы 2 бет.

  1. Төртеуі тіреуге жарайды, / Екеуі қарауыл қарайды, / Біреуі нан илейді.
  2. Дүниеде ағаш бар бек жайлаған, / Жанына адам барса ойбайлаған, / Ағаштың адам білер мінезі бар, / Мінгесіп екі бала той-тойлаған.
  3. Мен көрдім тұтас ағаш тау жайлаған, / Тауына тиіп кетсең ойбайлаған. / Үстіне қара орман артып алып, / Барса да қандай жерге той-тойлаған.
  4. Көкке шаншып құйрығын, / Келеді шауып жүйрігім.
  5. Ұзын сабалақ есік ашты, / Қара домалақ тұра қашты.
  6. Айтарын айт дегенде, ая батыр, / Болғанда асты гауһар, үсті шатыр. / Қазандай қара тастың дәл түбінде, / Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.
  7. Жездекем бастап барады, / Жез түймесін тастап барады.
  8. Бір тұтам, екі тұтам / Басы айыр жүнді тұтам.
  9. Даусы азанда, / Жақсылығы қазанда.
  10. Жамауы бар тігінсіз. / Киімі қалың жамылар. / Жыртығы жоқ, еш мінсіз, / Ала-құла тоны бар.
  11. Халінше сайманы ғой керек заты, / Көтерген екі дана құрығы бар. / Беретін жақынына жаны ашып, / Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.
  12. Басында таяғы бар, / Төрт аяғы бар. / Сегіз тұяғы бар, / Иегінде сақалы бар.
  13. Топырақ желді мініп, желді айдайды, / Болғанда түске жақын көлге айдайды. / Тамшыны жерден тамған керек қылып, / Топырақ өз-өзінен айқайлайды.
  14. Тау астында төрт бала, / Кезек-кезек ойнаған. / Төрт баланың қолында, / Төрт айды әкеп байлаған.
  15. Бір байдың енші алыпты бір баласы, / Алғаны алпыс тоғыз ірі қарасы. / Төрт жерден түлікке желі қағып, / Үш жерден орнатылған мұнарасы.
  16. Болғанда қоян ерін, шыққан құлақ, / Тұлыбы шоқайғандай жатыр сұлап. / Жүруге қызметкер дайындалса, / Жалшыдай күні біткен кетер жылап.
  17. Таптым-таптым, тап жорға, / Табаны жалпақ боз жорға.
  18. Маң-маң басып келеді, / Тапырақтап желеді. / Мойны ұзын, үсті тау, / Ертеден елге бел еді.
  19. Маң-маң басқан, маң басқан, / Шудаларын шаң басқан. / Екі өркешін қом басқан, / Алабота, теріскен, / Мұрындығы келіскен, / «Шөк!» – дегенде, «бық!» – деген, / Шешіп үйін жүктеген, / Бұл не деген жануар?
  20. Кезікті бір жануар, / Үстінде екі тауы бар. / Мойны ұзын, көзі үлкен, / Бұл не, өзің тауып ал?
  21. Даусы қоңыр, үні мұң, / Тесіп қойған мұрынын.
  22. Үш тың-тың, / Екі жылтың, / Төрт тап-тап, / Қап-қара сатпақ, / Бір былғаныш.
  23. Ұзын-ұзын ұлпаны, / Ішіндегі жұлпаны.
  24. Дүниеде ақас бар бек жайлаған, / Жанына адам барса, ойбайлаған. / Ақастың адам білер мінезі бар, / Мінгесіп екі бала той тойлаған.
  25. Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, / Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер. / Мінерінде төмендеп келеді екен, / Мінгеннен соң жоғары көтерілер.
  26. Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді, / Төрт ауылдың баласы төбелесіп келеді, / Бір ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.
  27. Екеуі қарауыл қарап тұр / Төртеуі ұйықтап жатыр, / Біреуі қамыр басып тұр.
  28. Екі кісі қарауыл қарайды, / Бір кісі шөпшек тереді.
  29. Дүбір-дүбір төртеу, / Есенгелді екеу. / Жағалбайлы жалғыз, / Оның таңы қарбыз.
  30. Төрт кісі төсек сал дейді, / Екі кісі қарауыл қарайды, / Үлкен әйел есік аш дейді, / Кіші әйел төмпештейді.
  31. Бәйбіше есік ашқанда / Тоқал томпиды.
  32. Төсек астында төрт күлше.
  33. Тау көтерген төрт қазық.
  34. Таудан тас домалайды, / Тас бұршақтай сабалайды.
  35. Жоғарыдан көп тас домалайды, / Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.
  36. Бір тауығым бар, / Жұмыртқасы көп, / Көп те болса жарылмайды.
  37. Таудан таяқ тастадым.
  38. Шашылды маржан, / Бағасы арзан.
  39. Апан-апан, / Ескі шапан. / Иір қобыз, / Жарық жұлдыз.
  40. Апан-апан, / Жаман шапан, / Төрт түйреуіш, / Бір былғауыш.
  41. Иір қобыз, / Екі тұтқыш, / Бір қыл жуғыш.
  42. Төрт лаулау, / Екі дің-дің, / Бір шібжің.
  43. Маң-маң басып барады, / Күлшесі қалып барады.
  44. Екі төлдің атынан / Бір төлдің аты шығады.
  45. Үлкен келін есік ашты, / Кіші келін домалай қашты.
  46. Төлебайдың баласы төбелесіп келеді, / Егізбайдың өгей ұлы ерегесіп келеді. / Екеуі қарауыл қарайды, / Біреуі шөпшек тереді.
  47. Ермекбайдың екі ұлы ерегесіп келеді, / Төлебайдың төрт ұлы төбелесіп келеді, / Жағалбайдың жалғызы жағаласып келеді.
  48. Мен көрдім тұтам ақас тау жайлаған, / Тауына тиіп кетсең, ойбайлаған. / Үстіне қара орман артып алып, / Барса да қандай жерге той-тойлаған.
  49. Жануар бар жапан дала түзде өскен, / Арқасына екі бала мінгескен.
  50. Көріп тұрар бар ауыл, / Бір тауда қос қарауыл.
  51. Тамға таяқ сүйедім.
  52. Тауға таяқ қыстырдым.
  53. Түбірлі төртеу, / Түймемен бесеу, / Ерубай екеу, / Мамық жалғыз.
  54. Қоян жақты, тақыр жонды, / Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды. / Салпы ерін, өзі жүйрік, / Кең омырау, жуан құйрық.
  55. Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі, / Үстіне мінген адам есіреді. / Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен, / Ойласаң тереңірек шешіледі.
  56. Екі бас, алты аяқ, / Жалғыз құйрық.
  57. Бір нәрсе тумай тұрып бағады, / Тудырып алған соң тіземен қағады.
  58. Отырдым мұнан барып оймауылға, / Ілінді екі аяғым байлаулыға. / Қолыма екі қайыс ұстап алып, / Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
  59. Екеуі елеңдеп келеді, / Төртеуі төбелесіп келеді.
  60. Ана таумен мына тау соғысып келеді.
  61. Кішкене ғана тостаған, / Көтеріп қана тастаған.
  62. Тасқа тисе, кетілмейді, / Суға тисе, ерімейді.
  63. Алыстан қарасам, бір қара, / Қасына келсем, мың қара.
  64. Алды қияқ, арты шалғай.
  65. Ұштым, ұжмаққа шықтым, / Тептім, терекке шықтым.
  66. Қарасам, қайдан келдің, / Малы қара сайдан келдің.
  67. Жездем желіп бара жатыр, / Жез қалпағын түсіріп барады.
  68. Шауып келе жатып шақшам түсті.
  69. Шиге қамшы байладым.
  70. Алты аяқты, / Екі қарынды, / Екі басты, / Екі қолды, / Төрт көз, төрт құлақты, / Екі мойын, бір құйрықты.
  71. Алдымда бар нар қамыс, / Артымда бар нар қамыс. / Отырған жерім ой темір, / Басқан жерім бай темір, / Оң қолымда тең қайыс.
  72. Тау астында төрт бала, / Кезек-кезек ойнаған. / Төрт баланың қолына / Төрт айды әкеп байлаған.
  73. Керіп қойған немене, / Көкектеген немене? / Малып қойған немене, / Бал татыған немене?
  74. Кидең-кидең немене, / Кіріп тұрған немене. / Салпаң-салпаң немене / Салып тұрған немене.
  75. Кекендеткен несі екен, / Келіп салған несі екен? / Сорпылдатқан несі екен, / Сорқылдатқан несі екен, / Суырып алған несі екен, / Суы тамған несі екен?
  76. Тартыс тамған ас, / Тақ-тақ еткен несі, / Қор-қор еткен несі.
  77. Топырақ желді мініп, желді айдайды, / Болғанда түскен жақын көлге айдайды. / Тамшыны жерге тамған керек қылып, / Топырақ өз-өзінен айқайлайды.
  78. Су өрге қарай ағады.
  79. Андыру мен мәндіру, / Тігісі жоқ қондыру.
  80. Үлгісіз піштім, / Жіпсіз тіктім.
  81. Жамаулары болса да, білінбейді, / Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
  82. Тоғай-тоғай топтаған, / Тоғай ішін боқтаған. / Біреуі өлсе, / Бәрі жиылып жоқтаған.
  83. Төртеу келеді, / Төртеу асылып тұрады, / Екеу жол көрсетеді, / Екеу иттен сақтайды, / Енді біреу артында асылып тұрады.
  84. Екі айнасы бар, / Екі найзасы бар, / Төрт жаптырмағы бар, / Бір шыбыртқысы бар.
  85. Дауысы – азанда, / Жақсылығы – қазанда.
  86. Екі отауға бір көсеу.
  87. Екі ошаққа бір көсеу.
  88. Қисық ағашқа қар жұқпас.
  89. Бүкір ағашқа қар жұқпас.
  90. Ел жатса да, енекем жатпайды.
  91. Ел жатса да екі батыр жатпайды.
  92. Қисық шағаға су жұқпас.
  93. Тырс-тырс тамады, / Бір шұңқырға ағады.
  94. Жол үстінде жылтыр жібек.
  95. Төсек астында төрт бауырсақ.
  96. Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
  97. Түйір-түйір төртеу, / Түймеменен бесеу. / Жалғыз тайы жалғыз, / Темір қазық екеу.
  98. Арқасы бар, аунамайды, / Аузы бар, күйсемейді.
  99. Кішкентай ғана бойы бар, / Айналдырып киген тоны бар.
  100. Төрт тағанды бойы бар, / Момындық дұрыс ойы бар. / Кербезденіп жүрмейді, / Айналдырған тоны бар.

Ауыз әдебиеті