Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 12-бет, барлығы 23 бет.
- Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр, / Біріккен он екісі қара басқыр. / Жиылып бір тырнаны бәрі жеген, / Көрейік ол тырнаны жақындастыр. / Бір сирағы тырнаның, ей, жамағат, / Үйге тіреу болғандай алты қанат. / Сол үйдің үлкендігі сондай екен, / Артылар алты нарға қаттап қабат. / Ол нарды кіші десең, ей, жарандар, / Бір үлкен бәйтеректің басын шалар. / Бітіпті сол бәйтерек құба жонға, / Түбінен ерте ұшқан бір тұрымтай, / Басына кешке қонар әрең зорға. / Демеңіз күнді қысқа тағы нашар, / Семіз бар таңдағанға көңіл ашар. / Әреңмен кешке барып бұзаулайды, / Болғанда таң мезгілі қашқан қашар.
- Ұрса, жаны шықпайды, / Сойса, қаны шықпайды. / Терісін сыдырып алса, / Тырысып-тырысып қалады.
- Бір нәрсе өзі берік, іші қуыс, / Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш. / Көзі бар жарқыраған төбесінде, / Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.
- Бұғы-бұғы ұзын, / Бұғыдан да бойы ұзын. / Алтын қошқар мүйізі / Аба киік терісі.
- Ол не екен аузы үңгірдей, қырық қолы, / Адамды тірі жұтты көрдік оны. / Терісін сыпырып ал, тамбас қаны, / Сүйегі салдырап тұр, жоқ қой жаны.
- Тұрады жетпіс кемпір жерді басып, / Баласын арқасына арқаласып. / Рақмет ол баланың атасына, / Баласын бағып отыр қолмен басып.
- Айдалада атамның үлкен тақиясы түсіп қалыпты.
- Бар екен бір мақұлық қаны қашқан, / Сақылдап адам келсе, аузын ашқан. / Болғанда отыз омыртқа, қырық қабырға, / Мұны тапқан адамның ақылы асқан.
- Апан-апанды көрдім, / Жаман шапанды көрдім. / Алпыс аяқтыны көрдім, / Адам жұтқанды көрдім.
- Қарыптары каф-дүр, білсең оны, / Қанаттары қатар жатар жаны. / Сүйегі толып жатыр пара-пара, / Терісін сыдырып алса, шықпас қаны.
- Бір құс бар қанат жайса, дөп-дөңгелек, / Адамнан ешқашанда жүрмес бөлек. / Ұшса да, қонса дағы еркі адамда, / Жатасың, ыстық болса, көлеңкелеп.
- Буын-буын қалтада, / Буы шыққан насыбай. / Мұны тапқан кісінің / Жүз жиырма жасы бар. / Құлындары құла ала, / Құлақтары кез ала.
- Айуанға екі қолын артып тұрған, / Белбеуін екі жерден тартып тұрған. / Алдына не тастаса, соны жалмай, / Заһарын төбесіне шашып тұрған.
- Дәудің іші өртеніп, / Көзінен бу шықты.
- Бір топ құс бір қалбада арқандаулы, / Ол құстың қол-аяғы бәрі баулы. / Ішінде бірақ сұңқар, басшысы бар, / Болыпты сол сұңқарменен бәрі даулы.
- Алпыс терек, / Адамға керек. / Алпыс теректің бәрі – ұя, / Тұрған жері – қия.
- Әлім-шәлім, / Екі байдың қызы, екі ханым, / Төрт жеңгесі бар екен, / Қызмет қылған немересі. / Буы-буы, буы ұзын, / Буыннан да қолы ұзын, / Аба киік терісі, / Алтын қошқар мүйізі.
- Өзімді жас қайыңнан кесіп алды, / Белімді неше жерден тесіп алды. / Жемейді көк түтінмен ертелі-кеш, / Шықпаған шыбын жанның несі қалды.
- Әупірім, ала, қара құс, / Үсті-басы тарамыс.
- Ұзын-ұзын әулие, / Төбесін құрт жеп қойған / Тұғыр төбе әулие.
- Таңертең тұрдым, / Ернімді бұрдым.
- Күндіз ашық, / Түнде жабық.
- Ақ итім арбадан қарғып түсті, / Барлығының басына шыққан кісі.
- Қара таудың басында / Қабылан деген құс отыр. / Қанатына мұз қатып, / Қайрыла алмай ол отыр.
- Қара тоқтыны қайырып соқтым.
- Алпыс атым ала аяқ.
- Отыз омыртқа, / Қырық қабырға, / Бәрін ұстап тұрған – / Ауыз омыртқа.
- Әкесі баласын көтеріп тұр, / Баласы бөркін көтеріп тұр.
- Алтынменен аптадым, / Күміспенен күптедім. / Бірін өрге шығарып, / Бірін жерге түптедім.
- Біреуде қырық ұл бар, / Қырқының қырық аяғы бар.
- Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.
- Жоғарғы ауылдың баласы ашамайға мінеді, / Төменгі ауылдың баласы тесік тастан өтеді.
- Ай құшақ, / Ай құшақ, / Жиылып келсем, бір құшақ.
- Иір-иір ыңыршақ, / Жиып қалсаң, бір құшақ.
- Алпыс атым ала аяқ, / Жетпіс атым жел аяқ.
- Жүз жігіт жер тіреп жатыр.
- Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр, / Алпыс кемпір ат байлап жатыр.
- Былайғы елдің баласы / Ашамайын мініп тұр.
- Мың қарабас қойымның бәрі шұнақ.
- Үйдің іші толған мыс кене.
- Артыңда әкең жұдырығын түйіп тұр.
- Үйде бір жұдырық, / Сыртта бір жұдырық.
- Ала күшік үй айнала жүгіреді, / Екі басы ішке кіреді.
- Үй айнала қан төктім.
- Әуеден көтен түсті, / Көтеннен бөтен түсті.
- Көтерем тайым құйрығы салбырап тұр.
- Ана ауылдың қойларының бәрі ала аяқ.
- Үй үстінде төрт шыбық, / Төртеуі де тең шыбық.
- Құрап-құрап тон піштім, / Құлынды биеге бергісіз.
- Жерімде ер едік, / Жез бұйдалы қыз едік. / Қытайға кеп қырылдық, / Қырық тұзаққа тығылдық.
- Ана ауылдың, / Мына ауылдың бұқасы / Шартылдайды мүйізі.
- Жорға жаққа жабысқан, / Екі үзеңгі қағысқан.
- Өз елімде бек едім, / Желкілдеген жек едім. / Келдім де қыспаққа түстім, / Отыз екі тұзаққа түстім.
- Мен елімде дегендім, / Жирен атты бек едім, / Елімнен келіп мұндай болдым, / Белімді байлаған құлдай болдым, / Тонымды жырттырдым, / Сақалымды қырықтырдым.
- Ақ атым аспанға қарайды.
- Баяғыда бай едім, / Ақ сақалды шал едім. / Мұнда келіп сондай болдым, / Қысылған қындай болдым.
- Ерте тұрдым, / Алып ұрдым.
- Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз, / Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта.
- Адам кірсе, ашылады, / Сыртқа шықса, жабылады.
- Әрі лап-лап, бері лап-лап, / Қанша үлкен болса да, / Орнына келер, жапсақ.
- Мекені жол үстінде тұрар жері, / Бар екен алты жерде қаққан зері. / Қандайлық қызметті атқарады, / Адаммен бірге жүрер әрі-бері.
- Күндіз сырп-сырп, / Түнде жым-жырт.
- Көк итім қабаған, / Артына киіз жамаған.
- Қызыл сиырымның жоны жалпақ.
- Үлкен өгіз бар, / Жалғыз көзі бар.
- Арыстан аузын ашса, арс етеді, / Таңдайы жұтып қалса, тарс етеді. / Омыртқасы тұтас та қабырға жоқ, / Екі көзі маңдайында жарқ етеді.
- Аузын ашсаң, / Өкпесі көрінеді.
- Аяғы жоқ жүрмейді, / Үй бағады, үрмейді.
- Қаппайды, шаппайды, / Үйіңді қорғайды.
- Жолда бір бұзау өліп жатыр, / Аузына қолын тықса, күліп жатыр.
- Ә, керемет, бір ит бар, / Үй бағады, үрмейді. / Аяғы жоқ, жүрмейді, / Көмейіне тықсаң, сөйлейді, / Тілін адам білмейді. / Рұқсатсыз ол иттен / Адам үйге кірмейді.
- Шешесі үйде қалады, / Баласы кісіге ереді.
- Жоғарыдан айдаған, / Белін берік байлаған. / Сидам құлға жолықсаң, / Өз еркіне қоймаған.
- Шырт-шырт етеді, / Шыртылдап барып, кіріп кетеді.
- Алыстан қаңғыр-күңгір, / Жақыннан бұрау темір.
- Жол бермес жүрейін деп жалынсаң да, / Естімес айтқан сөзді бағынсаң да, / Қақпақты қаққан қазық иір тұмсық, / Ешқандай жақындамас бөтен жанға.
- Күндіз салбырап тұрады, / Түнде тесігін табады.
- Есік ашады, / Есіктің артына қашады.
- Екі басы жұмырықтай, / Ортасы қылдырықтай.
- Жансызда бір нәрсе бар формалданған, / Аузын кейде ашып, кейде жұмған, / Ішінен жылтыраған мөлдір көзі, / Өмірде ұйықтамайды бұл не қылған?
- Жүруге аяғымен ерінеді, / Нәрсеге өз-өзінен телінеді. / Адамға қашан болса пайдасы бар, / Бір мезгіл жарық болып көрінеді.
- Есікте екеу отыр өлемін деп, / Төрде төртеу отыр төремін деп, / Ортада біреу отыр көмемін деп.
- Күндіз бай, / Түнде кедей.
- Айқайлаған жау келсе, / Айыр сақал атам тоқтатады.
- Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, / Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
- Мен көрдім бір теңізден темір қайық, / Әр пенде сол қайықты көруі лайық. / Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп, / Кетеді риза болып барша халық.
- Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.
- Жалпақ бетті батыр, / Белін буып жатыр.
- Жақсы жерде жүреді, / Жаман жерде жатады.
- Белін берік байлаған, / Босағадан жай алған. / Лас, қоқыр, шаң-тозаң, / Қосақтап бәрін айдаған.
- Базардан белбайлау қыз әкелдім.
- Ауп дедім, / Ептедім, / Септедім, / Қара жерді түптедім.
- Жетпіс кемпір / Жер тістеп жатыр.
- Өз елімде жеке едім, / Желкілдеген бек едім. / Мұнда келіп сайландым, / Қырық жерден байландым.
- Әуелде шөп едім, / Жерде өскен көк едім. / Қолға түсіп қиылдым, / Он жерімнен буылдым.
- Екі егіз қарсы келді, / Арасына көк мұз түсе берді, / Біреуі жанды, біреуі жансыз.
- Қысы-жазы үйде тұрады, / Өзі мұзға ұқсайды. / Бетінде сәулесі бар, / Бұл жұмбағым кімге ұнайды.
- Болғанда бір ауызға екі қақпақ, / Еркінде адамзаттың ашып-жаппақ. / Қаншалық білім-өнер, азық-ауқат, / Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.
- Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат, / Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат. / Жүк артсаң әсте белі майыспайды, / Құйрық-жалсыз, бұл не қылған зат.
- Төрт аяқты болса да жүре алмайды, / Өздігінен бір нәрсе біле алмайды. / Жайылған дүниеге бір ғажайып, / Тік көтеріп отырар адамдарды.