Тамақтар мен сусындар туралы жұмбақтар
Тамақтар мен сусындар туралы жұмбақтар — 58 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар.
- Бір нәрсе зында деген онан да әрі, / Жауады бұршақ-бұршақ оның қары. / Сол қары көк соқта болып ерігенде, / Үміткер, татайық деп жанның бәрі.
- Мыжғылаймын – жаны жоқ, / Кескілеймін – қаны жоқ.
- Бір дария қайнайды екен көбік атып, / Ішінде жайын да жүр михнат татып. / Өткелі бар дарияның аралы жоқ, / Келе ме білсе жайын оған қайтып.
- Судан шығады, / Судан қорқады.
- Қант емес – / Қатты. / Мұз емес – / Тәтті.
- Сылдыр сұйық, су емес, / Ішсе сусын қанады. / Ақ болса да қар емес, / Шешуін кім табады?
- Тыру-тыру тырналар, / Тау басына жорғалар. / Еті арам, сорпасы адал, / Ол не болар, балалар?
- Былқ-былқ, былқ семіз, / Қабырғасы жоқ семіз.
- Бар еді бір жұмбағым егін емес, / Кісінің егейін десе, ебі келмес. / Барлық ел аттарға тегіс бірдей, / Көтерсең, ешнәрседен жеңіл емес.
- Судан шығар жарқырап масаттанып, / Тіл шықса, дүниені қылар жарық. / Қайтадан суға түсе ғайып болар, / Адамзат керек қылар рақаттанып.
- Бір нәрсе өзі нәзік керек еді, / Қолынан жерде жатса не келеді. / Дариға ағып жатқан салса тастан, / Сонымен даражаға тең келеді.
- Құрғақ жерде сақтайсың, / Онсыз тамақ таппайсың.
- Алыстан қарасам, аппақ, / Татып қарасам, тәтті-ақ.
- Аппақ қардай өңі бар, / Тамақ болар түрі бар. / Одан қашар адам жоқ, / Төрт бұрышты қыры бар.
- Өзі аппақ қардай, / Шайға салсаң, балдай.
- Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
- Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
- Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, / Қайнатса оның суы мұз болады.
- Құдайдың құдіреті көп болады, / Бір кеседе екі түрлі сүт болады.
- Суға қайнап сорпасы шықпас.
- Ғалымдар сөз сөйлесе ұқтырады, / Ішінде бір қалбырдың сүт тұрады. / Ол сүттің бірі жанды, бірі жансыз, / Жансыздар жаны барын жеп тұрады.
- Бір нәрсе ақ пен сары, екі қабат, / Құдайым керемет берген аямай-ақ. / Ісіне құдіреттің таңғаласың, / Кетеді біраздан соң тарап-тарап.
- Су көрдім реңі екеу бір қазанда, / Қақпағын аша алмайды ешбір жан да.
- Бір бөдененің ішінде екі түрлі суы бар.
- Айдалада ақ сандық, / Аузы-мұрны жоқ сандық.
- Бір үй бар әйнегі жоқ һәм есігі, / Ішінде Алла берген бар несібі. / Болады бір жанды, бір жансыз, / Сандықтың табылады өз кәсібі.
- Әуеден ұшқан біл дейді, / Білдің бауыры зіл дейді. / Тіріден өлі шыққан, / Ақылың болса, біл дейді.
- Ашылмаған сандықта жыртылмаған пұл жатыр.
- Ақ сандық айналадан тауып алдым, / Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.
- Айдалада ақ отау, / Аузы-мұрны жоқ отау. / Отыз күнде сол отау, / Айдалада жоқ отау.
- Ақ отаудың есігі де жоқ, / Тесігі де жоқ.
- Аузы бітеу ақ отау.
- Есіксіз, түндіксіз отау.
- Екі аяғы да жоқ, / Белінде таяғы да жоқ.
- Ашып қарасам, аппақ, / Жеп қарасам, тәп-тәтті.
- Пісірсең, ас болады, / Пісірмесең, құс болады.
- Әуеде жұмсақ, / Отта қатты.
- Аппақ қана домалақ, / Жейді сыртын тазалап.
- Қазық басына қар тұрмас.
- Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, / Бөденені біреу атып жеген екен, / Еті арам, сорпасы адал немене екен?
- Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, / Қиын жерден қуанып ауыз толар. / Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, / Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
- Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, / Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. / Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, / Байлаған екі жақтан тесіп құлақ. / Ойнақтар ор текесі ортасында, / Денесі басқалардан ұзынырақ.
- Жалғанда бір құдық бар суы тәтті, / Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
- Қырымда бір құдық бар суы батпан, / Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. / Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың / Бетіне бетегесі шығып жатқан.
- Құйып қалып құйыртпағын шығардым, / Салып алып сара бала туғыздым.
- Әрі сусын әрі дәрі, / Емге ішеді жас пен кәрі. / Малдың сүті, елдің құты, / Деп бағалар жұрттың бәрі.
- Секірме тастың үстінде / Сексен қойдың ізі бар.
- Шиге жайып кептірген, / Өзі қышқыл, түсі ақ, / Сорсаң, дәмді, түсі ақ, / Жаңғақтай-ақ домалақ.
- Мың қойым суға жүзеді, / Қойшысы бірге жүзеді.
- Кішкентай құдығымның суы тәтті.
- Асты тақтай, үсті тақтай, / Арасында асыл мақтай.
- Қызартып салдым, / Бозартып алдым.
- Дастарқанға түспейді, / Қазанда піспейді, / Дәмі аузынан кетпейді.
- Ашылмайды қабағы, / Әркімнің де тамағы. / Ашуланса, болады / Ұлпадай жұмсақ жабағы.
- Алтын алдым жапырақ, / Жатқан жері топырақ. / Алтынменен аптаған, / Күміспенен қаптаған.
- Аппақ қардай, / Дәмі балдай.
- Қол ауызға берді, / Ауыз жауызға берді. / Жауыз ирек жол арқылы / Барлығын қазынаға берді.
- Есікте жасауыл бар екі қатар, / Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар. / Ол адам жәбірленіп тұрғанында, / Біреу кеп ар жағынан әрі тартар, / Алып барып онан соң қинап жанын, / Кездіріп талай өзен сайдың бәрін, / Ләззатын сол сайлары алып қалып, / Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.