Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар.
Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
Шалкиіз Тіленшіұлы туралы
Шалкиіз Тіленшіұлы — XV–XVI ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауы. Ноғайлы әмірі Темір бидің қасында болып, оған арнаған толғаулары мен ақыл-кеңестерімен танылды. Жырларында ерлік, әділдік, ел қамы мен адамгершілік тақырыптары басым.
Шалкиіз Тіленшіұлы: басқа нақыл сөздері
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Айдын сулар, аймақ көл — Тасыса дөңбек келтірер. Көп өтірік, жаман сөз — Басыңа бәле келтірер.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
- Бейбіт елде — сән бөлек, бүлінген елде — дау бөлек. Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды.
- Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
- Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас, Ел болмас елдің төресіне тәж тұрақталмас.
- Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады.
- Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең.
- Халық — көл, Хан — құс.
- Бақытты жігіт қол бастар, Шешен жігіт дау бастар, Әлемнен озған алааяқ Озып бір кетсе ойқастар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы