Халық — көл,
Хан — құс.
Сырым Датұлы туралы
Сырым Датұлы — Кіші жүздің батыры, шешені әрі биі. 1783–1797 жылдары Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтерілісті басқарған. Халық арасында тапқыр, ұтымды сөздерімен де кең танылған.
Сырым Датұлы: басқа нақыл сөздері
- Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
- Адамзатта не тәтті? Аста — тұз тәтті, Адамда — дос тәтті.
- Даланың оты — олжа, суы — нұрлық, Біреудің малы мен ақысын жеу — ұрлық.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Ата-жұрты бұқара Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп.
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Қоғалы көлдер, қом сулар — Қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып Арғымақ мінген өкінбес...
- Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без!
- Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады.
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы