Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас,
Ел болмас елдің төресіне тәж тұрақталмас.
Әйтеке би Байбекұлы туралы
Әйтеке би — XVII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Кіші жүздің әйгілі биі, шешені. Тәуке хан тұсында Төле би, Қазыбек бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан. Әділ билігі мен ұтқыр сөздері арқылы халық жадында сақталған.
Әйтеке би Байбекұлы: басқа нақыл сөздері
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды іс атқарғанға не жетсін!
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Ата-жұрты бұқара Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп.
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Қоғалы көлдер, қом сулар — Қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып Арғымақ мінген өкінбес...
- Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без!
- Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады.
- Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
- Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген әреке.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы