Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
Шалкиіз Тіленшіұлы туралы
Шалкиіз Тіленшіұлы — XV–XVI ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауы. Ноғайлы әмірі Темір бидің қасында болып, оған арнаған толғаулары мен ақыл-кеңестерімен танылды. Жырларында ерлік, әділдік, ел қамы мен адамгершілік тақырыптары басым.
Шалкиіз Тіленшіұлы: басқа нақыл сөздері
- Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
- Айдын сулар, аймақ көл — Тасыса дөңбек келтірер. Көп өтірік, жаман сөз — Басыңа бәле келтірер.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан — халықтың қазығы.
- Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
- Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
- Қона берсе, жерің тозар, Шаба берсе, елің азар, Жасай берсе, ерің азар, Ерің азған кезінде — елің азар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы