Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
Ыбырай Алтынсарин туралы
Ыбырай Алтынсарин — қазақтың ағартушысы, педагогы, жазушысы. Қазақ даласында алғашқы мектептер мен училищелер ашып, ана тілінде оқулықтар мен хрестоматия құрастырған. Балаларға арналған әңгімелері мен өлеңдері арқылы еңбекке, білімге, адамгершілікке баулыған.
Ыбырай Алтынсарин: басқа нақыл сөздері
- Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Береке кеткен елдерде Күн қысқарса керек-ті.
- Азған елдің түбіне тақсыр жетер...
- Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, әлбетте ол намаз болып табылмайды.
- Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Біздің халқымыздың шығыстық үлгілерден гөрі, үнді-герман эпосына жақындау бай ауыз әдебиеті бар.
- Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
- Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
- Кемшіліксіз халық жоқ.
- Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады.
- Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы