Түркілік қоғамда әйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.
Олжас Сүлейменов туралы
Олжас Сүлейменов — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, жазушы, тілші-зерттеуші және қоғам қайраткері, Алматыда туған. 1960 жылдардан бастап поэзиясымен кең танылып, «Аз и Я» кітабында түркі тілдері мен тарихына қатысты батыл ой айтты. 1989 жылы «Невада — Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, кейін дипломатиялық қызмет атқарды.
Олжас Сүлейменов: басқа нақыл сөздері
- Айналайын, о, Қара Жер, айналшы, Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
- Кешіре біл ағайынды суысқан, Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан!
- Мен өз елімді және оның халқын, олардың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де алмас едім.
- Тілдер туыстығы — мәдени туыстық.
- «Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара құрмет сезімінсіз, абстрактілі һәм тұрлаусыз ұғым.
- Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік.
- Ұлы ойшылдардың теориялық қисындарының көпшілігі қазір түсініксіз көрінуі заңдылық. Олар ертеңгі күннің жарығы болуы да мүмкін. Олар замандастарымызды келер дәуірлер ұғымымен ойлануға шақырады. Ал онсыз болашақтың таңы атуы екіталай.
- Отырар ойран болар ма, Бір сатқын жығып бермесе?!
- Түсінбестікті тудыратын тарих емес, сол тарихты оқып ұғыну.
- Нағыз тарих — халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді.
- Қария тарих — қаптаған жалын Лап етіп жанған түздерде, Алауға атам қақтаған жанын, Аңызы қалған біздерге...
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
- Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
- Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
- Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Іс тынбайды «жанамын, күйем» менен... Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем.
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
- Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы