Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
Ғабит Мүсірепов туралы
Ғабит Мүсірепов — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. «Қазақ солдаты», «Ұлпан» романдары мен «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты» пьесаларының авторы.
Ғабит Мүсірепов: басқа нақыл сөздері
- Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін.
- Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
- Елің үшін мақтан, Елің үшін қайғыр.
- Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
- Ел айдаса, кәрі жігердің өзі қайнайды.
- Жаңа заман тас іргесін қалап алып, енді қабат-қабат биіктеп барады.
- Үш жүз деп аталатын қазақ халқында мынадай жігі айырылмайтын тұтастықтары бар: тілі, әні, күйі, аспаптары.
- Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
- Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.
- Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
- Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
- Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
- Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.
- Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы