Айналайын, о, Қара Жер, айналшы,
Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
Олжас Сүлейменов туралы
Олжас Сүлейменов — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, жазушы, тілші-зерттеуші және қоғам қайраткері, Алматыда туған. 1960 жылдардан бастап поэзиясымен кең танылып, «Аз и Я» кітабында түркі тілдері мен тарихына қатысты батыл ой айтты. 1989 жылы «Невада — Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, кейін дипломатиялық қызмет атқарды.
Олжас Сүлейменов: басқа нақыл сөздері
- Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.
- Кешіре біл ағайынды суысқан, Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан!
- Мен өз елімді және оның халқын, олардың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де алмас едім.
- Тілдер туыстығы — мәдени туыстық.
- «Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара құрмет сезімінсіз, абстрактілі һәм тұрлаусыз ұғым.
- Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік.
- Түркілік қоғамда әйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
- Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
- Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
- Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Іс тынбайды «жанамын, күйем» менен... Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем.
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
- Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы