Кешіре біл ағайынды суысқан,
Ел бақытты, — сен жымисаң,
Туысқан!
Олжас Сүлейменов туралы
Олжас Сүлейменов — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, жазушы, тілші-зерттеуші және қоғам қайраткері, Алматыда туған. 1960 жылдардан бастап поэзиясымен кең танылып, «Аз и Я» кітабында түркі тілдері мен тарихына қатысты батыл ой айтты. 1989 жылы «Невада — Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, кейін дипломатиялық қызмет атқарды.
Олжас Сүлейменов: басқа нақыл сөздері
- Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.
- Айналайын, о, Қара Жер, айналшы, Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
- Мен өз елімді және оның халқын, олардың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де алмас едім.
- Тілдер туыстығы — мәдени туыстық.
- «Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара құрмет сезімінсіз, абстрактілі һәм тұрлаусыз ұғым.
- Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік.
- Түркілік қоғамда әйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.
- Ұлы ойшылдардың теориялық қисындарының көпшілігі қазір түсініксіз көрінуі заңдылық. Олар ертеңгі күннің жарығы болуы да мүмкін. Олар замандастарымызды келер дәуірлер ұғымымен ойлануға шақырады. Ал онсыз болашақтың таңы атуы екіталай.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
- Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
- Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.
- Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
- Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
- Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
- Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы