Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
Шерхан Мұртаза туралы
Шерхан Мұртаза — қазақ жазушысы, публицист, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Қызыл жебе» роман-эпопеясы мен «Ай мен Айша» романының авторы. Ана тілі мен ұлттық рух мәселелерін үнемі көтеріп отырды.
Шерхан Мұртаза: басқа нақыл сөздері
- Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт — тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Ұлтсыздық — отансыздықтың белгісі.
- Сақтасаң — қазаққа жау болған қазақтан сақта!
- Рухани әлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де — жеңіл.
- Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратына мін дағы, өрге бас.
- Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
- Ата-ана қадірін біле алмаған — халық қадірін біле алмас, халық қадірін білмеген — ата-ана қадірін біле алмас.
- Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.
- Күн көреді әкесіз де анасыз, Өмір сүрер әйелсіз де баласыз. Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз!
- Халыққа да жылы сөз керек.
- Айналайын, о, Қара Жер, айналшы, Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
- Тәуекелсіз қауым — тәуелсіз бола алмайды, алауыз қауым — азат бола алмайды.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы