Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.
Мұзафар Әлімбаев туралы
Мұзафар Әлімбаев — қазақ ақыны, аудармашы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Нақыл сөздер мен ғибратты өлеңдерімен, балаларға арналған шығармаларымен кеңінен танымал.
Мұзафар Әлімбаев: басқа нақыл сөздері
- Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.
- Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.
- Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
- Жер күтпеген ерден түңіл, Ер күтпеген елден түңіл.
- Елге пайдасы жоқ елгезектік.
- Ерден елдің артықтығы — білігі, Елден елдің артықтығы — бірлігі.
- Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады.
- Елдің қамын ойлаған ерте есейер.
- Ұлтын білгің келсе — ғұрпын біл.
- Отанын ойлаған орта жолда қалмас.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
- Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
- Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Іс тынбайды «жанамын, күйем» менен... Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем.
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
- Кешіре біл ағайынды суысқан, Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан!
- Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы