Елдің қамын ойлаған ерте есейер.
Мұзафар Әлімбаев туралы
Мұзафар Әлімбаев — қазақ ақыны, аудармашы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Нақыл сөздер мен ғибратты өлеңдерімен, балаларға арналған шығармаларымен кеңінен танымал.
Мұзафар Әлімбаев: басқа нақыл сөздері
- Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
- Жер күтпеген ерден түңіл, Ер күтпеген елден түңіл.
- Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.
- Елге пайдасы жоқ елгезектік.
- Ерден елдің артықтығы — білігі, Елден елдің артықтығы — бірлігі.
- Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады.
- Ұлтын білгің келсе — ғұрпын біл.
- Отанын ойлаған орта жолда қалмас.
- Туын жықпайтын — бүтін ел, Туы жығылған түтілер.
- Еркіндік туы — елдік.
- Үлкен елдің баласына Ұсақ болу жараспас.
- Елден жинауды үйренсең, Елге сыйлауды да үйрен.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
- Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
- Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
- Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
- Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
- Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.
- Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы